Біз туралы

Біз туралы

«Біз туралы» не айтуға болады? Әзірше «БІЗ» дегеніміз бір адам: Бақытгүл Орынбасарқызы Салыхова. Уақыт өте келе тобымыз көбейіп, пікрілес, жақтас, ойымыз бір жерден шығатын, бір-бірін қолдайтын әріптестер жиналамыз деп сенемін.

Қош келдіңіздер!

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту мәселелерін жан-жақты қарастыратын «Білімпаз» сайтына қош келдіңіздер!

«Білімпаз» сөзі көп оқыған ойшыл, оқымысты деген мағынаны білдіреді.

Жас ұрпақ білімді болып өсуіне үлес қосу қоғамның, әрбір адамның азаматтық борышы деп санаймын. Солардың алдыңғы қатарында мұғалімдердің тұрғаны сөзсіз. Оқушыларын таусылмас білім нәрімен сусындатып, шығармашылықпен жұмыс  істеп отырған мұғалімдерге көмек ретінде, тәжірибемізбен бөлісу мақсаттында осы істі қолға алып отырмын. Сіздер  осы сайттан өздеріңізге қызықты, пайдалы материалдар таба аласыздар деп үміттенемін.

Сайттың мақсаты

Ең алдымен өзге тілді мектептерде қазақ тілін оқытатын мұғалімдерге көмек беру, тәжірибемізбен бөлісу. Сонымен бірге бұл сайт білім беру, тіл үйрену, әдістеме, тіл үйретуге арналған технологиялар т.с.с. тақырыптарға қызығатын көпшіліктің де назарын аударар деп ойлаймын.

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту барысында қолдануға болатын презентациялар,  үлестірмелі материалдар, қосымша тапсырмалар, ойындар, әндер, видеолар, басқа елдердің тәжірибелері, тіл меңгерту саласындағы жаңалықтар ұсынылады.

Осы сайттағы барлық материалдарды тек қана жеке мақсатыңызда ақысыз еркін қолдануларыңызға болады.

Ескерту: «Білімпаздағы» материалдарды сілтемесіз және автордың рұқсатынсыз басқа сайттарда қолдануға болмайды.

Құрметпен,

Бақытгүл Салыхова

Алматы қаласы
e-mail: baqytgul@gmail.com

http://bilimpaz.kz/

http://www.youtube.com/user/baqytgul

http://www.slideshare.net/baqytgul

2007-2008 жылдары Жаңа Еуразия сайтына жазып тұрған жазбаларым.

 

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер

Білім саласын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету бірден-бір маңызды мәселелердің бірі. Оның жүзеге асуына жауапты мекемелер жан-жақты жұмыстар өткізіп, жылдан жылға оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұнын, сапасы мен көркемдік жағын жақсартуға барынша үлес қосып жатыр.

Осы сайттың авторы мен жүргізушісі Салыхова Бақытгүл Орынбасарқызының авторлық бірлестікте дайындаған оқулықтары мен оқу құралдары:


Авторлық бірлестікте дайындаған оқулықтары мен оқу құралдары:

  1. «Суретті қазақ тілі».  «Аруна» баспасы,  2006 ж.
  2. «Қазақ тілі» Әліппе-дәптер (№1, 2, 3). Для обучения детей 6-7 лет по программе предшкольной подготовки с русским языком обучения. «АлматыКітап», 2012.
  3. «Қазақ тілі». Методическое пособие. /для обучения детей 6-7 лет по программе предшкольной подготовки с русским языком обучения. «АлматыКітап», 2012.
  4.  «Қазақ тілі» оқулығы 1-сынып.  для 1 класса 11-летней общеобразовательной школы с русским языком обучения.  «АлматыКітап», 2012.
  5. «Қазақ тілі».  Жазу дәптері №1, 2, 3. /для 1 класса 11-летней общеобразовательной школы с русским языком обучения. «АлматыКітап» , 2012 г.
  6. «Қазақ тілі». Методическое пособие. /для 1 класса 11-летней общеобразовательной школы с русским языком обучения. «АлматыКітап» , 2012 г.
  7. Досмамбетова Г., Балабеков А., Бозбаева-Хунг А., Хазимова Ә., Салыхова Б.  Қазақ тілі. Базалық деңгей (А2). Астана, 2012. -164 б.
  8. Бозбаева-Хунг А., Балабеков А., Досмамбетова Г., Хазимова Ә., Салыхова Б.  Қазақ тілі. Орта деңгей (В1). Астана, 2012. -248 б.
  9. Балабеков А., Бозбаева-Хунг А., Досмамбетова Г., Хазимова Ә., Салыхова Б.  Қазақ тілі. Ортадан жоғары деңгей (В2). Астана, 2012. -240 б.
  10. Хазимова Ә., Балабеков А., Бозбаева-Хунг А., Досмамбетова Г., Салыхова Б.  Қазақ тілі. Жоғары деңгей (С1). Астана, 2012. -232 б.
  11.  «Қазақ тілі»  оқулығы /для 2 класса 11-летней общеобразовательной школы с русским языком обучения.  «АлматыКітап», 2013.
  12. «Қазақ тілі». Жазу дәптері №1, 2, 3. / для 2 класса 11-летней общеобразовательной школы с русским языком обучения.   «АлматыКітап» , 2013 г.
  13. «Қазақ тілі». Методическое пособие. /для 2 класса 11-летней общеобразовательной школы с русским языком обучения. «АлматыКітап» , 2013 г
  14. «Қазақ тілі»  оқу-әдістемелік кешені. / «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған. «АлматыКітап» , 2013 г.
  15. «Қазақ тілі»  оқулығы /для 3 класса 11-летней общеобразовательной школы с русским языком обучения.  «АлматыКітап», 2014.
  16. «Қазақ тілі». Жазу дәптері №1, 2, 3. / для 3 класса 11-летней общеобразовательной школы с русским языком обучения.   «АлматыКітап» , 2014 г.
  17. «Қазақ тілі». Методическое пособие. /для 3 класса 11-летней общеобразовательной школы с русским языком обучения. «АлматыКітап» , 2014 г.
  18. «Қазақ тілі»  оқулығы /для 4 класса 11-летней общеобразовательной школы с русским языком обучения.  «АлматыКітап», 2015.
  19. «Қазақ тілі». Жазу дәптері №1, 2, 3. / для 4 класса 11-летней общеобразовательной школы с русским языком обучения.   «АлматыКітап» , 2015 г.
  20. «Қазақ тілі». Методическое пособие. /для 4 класса 11-летней общеобразовательной школы с русским языком обучения. «АлматыКітап» , 2015 г.

Марапаттарымыз:

диплом 1 орын статуэтка

 

Share