«Алтын ұям – мектебім» әні

Әнмен бөлісу жалғасып жатыр. Ендігі кезекте — «Алтын ұям – мектебім» әні.

«Ақ мамам«, «Достар«, «Балдырған«, «Алтын ұям – мектебім» әндерімен бөлісіп отырған Айжігіт Асановқа алғыс айтамыз.

Алтын ұям – мектебім

Әнін жазған: Айжігіт Асанов
Сөзін жазған: Бақытжан Ауданбай

-1-
Көп баланы тербеткен
Алып бесік тәрізді,
Алтын ұям мектептен
Дәріс алам маңызды.
Бұл мектептен нәр алған
Қанат қаққан қырандар,
Бұл мектептен таралған
Елін сүйген ұландар.

Қайырмасы:
Алтын ұям мектебім
Ыстықсың сен көзіме.
Балалық шақ көктемім,
Өтіп жатыр өзіңде.
Армандарым көп менің,
Пайда әкелер еліме.
Жетелей бер, мектебім
Сол армандар төріне.

-2-
Кеудемде тұр, сеземін,
Игі істерім тізілген.
Нық басып мен келемін,
Үлкендердің ізімен.
Ашық болсын аспаның,
Жарқырасын көкте күн,
Жаса мәңгі асқарлы
Алтын ұям – мектебім.

Қайырмасы:

Share