Тауға саяхат

Тауға саяхат жасауды жақсы көремін. Тауға шығайық деп жиі шақырып тұратын Эльвира деген досым да бар. Осы жолы (21.06.2014) Эльвираның шақыруымен Фурманов шыңына шығуға бет алдық. Досыма сенгенім соншалық, жолдың қаншалықты ауыр немесе алыс екені туралы ақпаратты да өз бетімше іздестірмеппін. Бірақ қанша қатты шаршасам да, барғаныма қуандым, табиғаттың сұлулығында сөз жоқ, сипаттап та бере алмаймын, оны тек көру керек. Суреттерді тамашалауларыңызға болады, дегенмен көзбен көргендей болмайтынын айта кеткім келеді.

Шынын айтсам, шаршадым деп, Фурманов шыңына аз жер ғана қалғанда, ары қарай бармай қалып қойдым. Досым шыңға шығып келді. Қайтарда жаңбыр жауып тұрды, бірақ сондай қатты су болмадық. Алматыға түссек, түк болмағандай күн ыстық, жарқырап тұр. Иә, төрт-бес сағаттық жер болса да таудың аты тау, ауа райы өзгеше.

Таудың бағыты (қателеспесем осылай болуы керек):

Алматы қаласы (700м) — Медеу шатқалы (1700м)  —  Комиссаровский асуы (2350м)  —  Фурманов шыңы (3000м)

Сонымен суреттерді тамашалаңыздар.

1

Мына жердің суретін панарама түрінде түсіруге мүмкіндік болмады, айналаның бәрі осындай сұлулық.

2

 

3

 

4

Бір белесті де еңсеріп тастадық. Ар жағында, алыста қаланың сұлбасы көрінеді.

 

5

Ауа райы бұзылып жатыр, біраздан кейін салқын жел соғып, жаңбыр басталады.

 

6

Тауда өсетін гүлдер мен шөптердің атын білмесем де суретке түсіріп алдым, мына гүл сондай әдемі. Өкінішке орай iPad-пен түсірген суреттерімде гүлдердің табиғи түсі сақталмай аздап өзгертіліп берілген, сондықтан осы суреттен басқаларын салмадым.

 

7

Фурманов шыңына шығып бара жатқан адамдардың кішкентай сұлбаларын сіздер де көріп тұрған боларсыздар.

 

8

Мынау — Фурманов шыңы, осы шыңға жете алмай қалдым ғой. Соған қарай бара жатқан кәсіби тауға шығатын адамдардың айтуынша осы жерден бір сағаттай жер. Ал мен осы тастардың қасында қалып айналада жүріп серуендедім, шыңға жалғыз кеткен Эльвираны күттім.

 

9

 

10

Share