Уики және TED үйірмелерінің жұмысын ұйымдастыру мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептерімен бірлесіп жұмыс бастаған болатынбыз. Соның алғашқы кездесуі Астана қаласындағы Зияткерлік мектебінде 2013 жылдың 16 ақпанда өтті.

Семинар-тренинг түрінде өткен бұл шарадан алған әсерім шексіз, семинарға қатысқан мектептің оқушылары мен мұғалімдеріне  алғысымызды білдіреміз. Сіздер сондай ақылды, білімді, талапты, жауапты, істі соңына дейін жеткізетін, жайдары жансыздар. Сіздермен бірігіп күні бойы әңгімелесу, жұмыс істеу тек қана қуаныш пен ризашылық әкелді, сонымен бірге екі жаққа да пайдалы болғаны сөзсіз. Мен тағы бір тәжірибе жинасам, сіздер де өздеріңізге қызық ақпарат алып, дағдыларыңызды дамыта түстіңіздер деп сенемін.

Мен TED үйірмесінің жұмысын ұйымдастыруға байланысты бөлімді жүргіздіктен осы туралы айтып берейін.

Теорияны қоя тұрып, топтық жұмыста істелген жұмысты көрсетейін:

Алдымен тақырып таңдауды, жазуды үйрендік. Ол үшін қатысушыларға үш сөз берілді: қуаныш, (кездейсоқ) жағдай, жалқаулық. Осы сөздердің ішінен біреуін таңдап аласыз, осы сөзді қатыстырып бір тақырып ойлап, қағазға жазып қоясыз.

Осыдан кейін жүргізуші (тренер) қатысушыларды таңдаған сөздеріне байланысты үш топқа бөледі. Яғни, «қуаныш, жағдай және жалқаулық» тобындағы оқушылар (мұғалімдер) өздерінің тақырыптарын айтады, неге бұл тақырыпты таңдағандарын түсіндіреді, соңында топ ақылдасып отырып бір тақырыпты ұсынады.

Тақырып мынадай негізгі шарттарға сәйкес болуы керек:

  •  Оптимистік шешім береді.
  • —Көп мәселені қамтиды.
  • —Жеке тәжірибесі негізінде және аз уақыт ішінде шешіледі.
  • —Барлық адамға қызықты.
475
Share

От bilimpaz

Один комментарий к “Уики және TED үйірмелерінің жұмысын ұйымдастыру”
  1. Бүгінгі Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтіп жатқан «Википедия» сайтын қолдануға арналған семинар-тренинг өте қызықты өтіп жатыр. Оқушылар белсенді түрде қатысып,өздерінің семинарда үйренген сайтты қолдаудың әдіс-тәсілдері туралы білімдерін толықтырды.Әрбір берілген мәліметтерді тиімді пайдаланып, өз шығармашылығымен жұмыс істей алды. Әсіресе болашақта кіріктірілген бағдармалар бойынша оқу үрдісінде пайдалауда маңызы зор екендігі мені қатты қуантты. Еліміздің болашақ зиялы тұлғаларын дайындауда осындай елдің мәртебесін көтерер, әрі бүгінгі заманауи ұрпақ дайындауда бұл семинардың нәтижесі зор болады деп ойлаймын,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *