Әліпби кітапшасы

Әліпби кітапшасы

Уақыт зымырап өтетінің тағы бір мысалын, төменде көрсетілетін видеоның соңындағы жасалған жылына қарап түсінуге болар. Бұл идеяның пайда болғанына 3-4 жыл болса да, екі жыл бұрын дайындап қойсам да, басылып шығу сәті осы 2017 жылға түскенін қарасаңызшы.

Не болса да, сәті осы жыл болды.

Сондықтан өз күшімізбен шығарған, осы «Әліпби кітапшасын» назарларыңызға ұсынамыз.

Ата-аналар балаларымен бірге, мектептің бастауыш сынып мұғалімдері өз оқушыларымен бірге бояп, қиып, бүктеп, желімдеп, әріптерді жазуға арналған қосымша құрал. Ұнап жатса, хабарласыңыздар, пікірлеріңізді қалдырыңыздар.

құрметпен,

Бақытгүл Орынбасарқызы

23.08.2017

Share