Қазақ тілі сабағында мәтіндермен жұмыс істеудің маңызы зор. Сондай жұмыстардың бірімен бөлісейін.
«Айна» ертегісі бойынша жұмыс түрлерімен танысыңыздар. Дайын pdf форматындағы құжаттар жазба соңында беріледі.
Сонымен, ертегінің мазмұны:
Айна
Ертегі
Бір күні кірпі, қоян, керік орманда келе жатады. Ағаштың артынан жылтыраған бір нәрсені көреді. Олар сол заттың қасына келеді. Оған қарайды.
– Өзінің үсті-басы тікенек, кішкентай ғана көздері бар. Бұл – кім? – деп сұрайды кірпі.
– Қане, көрейінші, – дейді қоян. – Жоқ, оның тікенегі жоқ, құлағы ұзын, көзі қызыл, мойны қысқа ғой.
– Мен де көрейінші, – дейді керік.
– Жоқ, оның мойыны қысқа емес ұзын, құлағы тікірейген, бойы биік, – дейді керік.
Дайын pdf форматындағы құжаттар: