Альберт Эйнштейн: 31 өмірлік сабақ

Альберт Эйнштейн адамзат тарихында танымал физик, бірқатар революциялық физикалық теорияларды ойлап тапқан көптеген ғылыми еңбектердің авторы ретінде терең із қалдырды. Бірақ ғалымның өз заманының дана адамдарының бірі болғанын, өз басылымдарында өмірлік кеңестері мен пікірлерін бөліскенін бәрі біле бермейді. Біз осы мақалада олардың кейбірін оқырмандарымыздың есіне саламыз.

1. Біз бәріміз данышпан болып туамыз, бірақ өмір оны түзетеді.

«Біз бәріміз данышпанбыз. Бірақ егер сіз балықты ағашқа өрмелеу қабілетіне қарай бағаласаңыз, ол өзін өмір бойы ақымақ деп санап өтеді».

2. Бар адамды құрметтеп, оларға адамгершілікпен қараңыздар.

«Мен кім болса да бәрімен бірдей сөйлесемін – қоқыс жинаушы немесе университет президенті болсын.

3. Біз бәріміз бірміз.

«Адам — ​​біз Ғалам деп атайтын біртұтас құбылыстың уақыт пен кеңістікте шектелген бір бөлігі. Ол өзін, өз ойлары мен сезімдерін айналасындағылардың барлығынан бөлек нәрсе ретінде сезінеді, бұл оның санасының оптикалық елесі. Бұл иллюзия бізді өз қалауымыз бен бізге жақын адамдардың тар шеңберіне байланып, түрме қамауына айналады. Біздің міндетіміз — өзімізді осы түрмеден босату, араласу аямызды оның барлық сән-салтанатымен қоса әрбір тірі жанға, бүкіл әлемге кеңейту».

4. Кездейсоқ сәйкестіктер болмайды.

«Сәйкестік – Құдай өзінің  анонимділігін сақтау үшін қолданатын тәсілдің бірі».

5. Қиял білімнен әлдеқайда маңызды.

«Қиял білімнен әлдеқайда маңызды. Білім тек біз қазір білетін және түсінетін нәрсеге негізделген, ал қиял бүкіл әлемді және біз күндердің күнінде түсінетін және үйренетін барлық нәрсені қамтиды».

Интеллектің нағыз белгісі білім емес, қиял.

«Логика сізге А-дан Z-ке дейін жетуге көмектеседі; қиял сізді бүкіл әлемге саяхат жасатады».

6. Жалғыздық кемел (толық) адам үшін рахат болуы мүмкін.

«Жалғыздық адамға жас кезінде азапты, ал есейген кезде рахат әкеледі».

«Мен жалғыз тұрамын; бұл жастар үшін жиіркенішті, бірақ жылдар өте керемет “дәмге” ие болады».

«Тыныш өмірдің біркелкілігі мен жалғыздығы шығармашылық ақыл-ойды ынталандырады».

7. Жүрегіңізде не сезінсеңіз, соны істеңіз, сонда сіздікі дұрыс болады. Ал сіз не істесеңіз де олар бәрібір сынайтын болады.

«Ұлы даналар әрқашан орташа ақыл-ойдың қатал қарсылығына кездеседі. Қабылданған теріс пікірлерді соқыр сеніммен қабылдаудан бас тартып, оның орнына өзінің интеллектін батыл және адал пайдаланатын тұлғаны дарынсыз адамдар түсіне алмайды».

8. Біздің өмірдегі ең керемет заттар жұмбақ және түсініксіз.

«Балаларыңыздың ақылды болғанын қаласаңыз, оларға ертегілер оқыңыз. Егер сіз олардың одан да ақылды болғанын қаласаңыз, одан да көп ертегі оқыңыз ».

«Қиялдың сыйы мен үшін білімді қабылдау қабілетімнен де маңыздырақ».

«Біз бастан кешірген ең керемет заттарды түсіндіру мүмкін емес. Ақылға сыймайтын заттар өнер мен ғылымның нағыз қайнар көзі. Бұл сезіммен таныс емес, аздап кідіріс жасап, беймәлім заттарға таңдана алмайтын кез келген адам өзін өлі адам сияқты сезінеді: оның көздері жабық».

9. Дін мен ғылым бір-біріне қарсы болмай, бірге жұмыс істеуі керек.

«Дінсіз ғылым – ақсақ, ғылымсыз дін – соқыр».

«Ғалымдарды шіркеу ең үлкен еретиктер деп атады, бірақ олар Ғаламның тәртіпке сай жасалғанына сенетіндіктен шын мәнінде діндар адамдар».

10. Сіздің өз басыңыздың маңыздылығы, табысқа жетуге қарағанда маңыздырақ.

«Жетістікке жетуге емес, пайдалы болуға ұмтылыңыз».

«Даңқым артқан сайын мен ақымақ болып бара жатырмын, бірақ бұл кең таралған құбылыс».

11. Қателік жасау — өсу мен өрлеудің белгісі.

«Ешқашан қателеспеген адам ешқашан ешқандай жаңа затты сынап көрмеген адам».

12. Қарапайым заттарды бағалаңыз.

«Егер сіз қарапайым тілмен түсіндіре алмасаңыз, онда тақырыпты өзіңіз де жеткілікті түрде түсінбегенсіз деген сөз».

Барлығы мүмкіндігінше қарапайым түрде ұсынылуы керек. Нақ осылай, аз да, көп те емес.

13. Ешкімге табынбаңыз.

«Кез келген адамды жеке тұлға ретінде құрметтеу керек, бірақ ешкім табынатын тұлғаға айналмауы керек».

14. Жазалау адамды жақсартпайды.

«Егер адам жазадан құтылу немесе марапат алу үшін ғана әдептілігін сақтаса, бұл жағдайдан еш жақсылық шықпайды».

15. Өмір – қызмет ету.

«Өзгелер үшін өткізілген өмірді ғана толыққанды өмір деп атауға болады».

«Адамның құндылығы оның ала алатынында емес, бергенінде».

16. Оқуды ешқашан тоқтатпа.

«Интеллектуалды өсу туғаннан басталып, тек өлген кезде ғана тоқтауы керек».

17. Сұрақ қоюды тоқтатпаңыз.

«Кешеден сабақ ал, бүгінмен өмір сүр, ертеңге үміт арт. Сұрақ қоюды тоқтатпау өте маңызды. Қызығудың бар болуы үшін себеп көп».

«Сіз бен біз сияқты адамдар басқалар сияқты ажалымыз бар болса да, ешқашан қартаймаймыз. Айтайын дегенім, біз өзіміз дүниеге келген ұлы Жұмбақ алдында кішкентай балалар сияқты таңқалып тұруды тоқтатпаймыз».

18. Барлығы сізге байланысты.

«Зұлымдық пен қастандық жасайтын адамдар бар болғандықтан емес, осыны көре тұра ештеңе істемейтін адамдардың бар болғанынан, біздің әлем өмір сүруге қауіпті жер болып келеді».

19. Өз пікіріңізді айтудан қорықпаңыз.

«Қоғамда қалыптасқан теріс пікірге қайшы келетін пікірді сабырмен айта алатындар аз. Көптеген адамдар мұндай пікірді қалыптастыра да алмайды».

20. Табиғат сенің ұстазың болсын.

«Табиғатқа мұқият қараңыз, сонда сіз көп нәрсені түсінесіз».

21. Санаңызды өзгертіңіз, сонда ол сіздің өміріңізді өзгертеді

«Бізде бар әлем біздің ойлау үрдісінің нәтижесінде жаратылған. Біздің санамызды өзгертпей оны өзгерту мүмкін емес».

Біз өз мәселелерімізді оларды тудырған санамызбен шеше алмаймыз.

22. Ең бастысы — мақсат.

«Егер сіз бақытты өмір сүргіңіз келсе, адамдарға немесе заттарға емес, мақсаттарға байлануыңыз керек».

23. Басқаларды қуанту арқылы біз бақытты боламыз.

«Өзіңді қуантудың ең жақсы жолы – басқа біреуді қуанту».

24. Сізде өзіңізге қойған шектеулерден басқа шектеулер жоқ.

«Ақылға қонымсыз нәрсені жасауға тырысқан адам ғана, мүмкін емес нәрсеге қол жеткізе алады».

«Міне, мені кейде тығырыққа тірейтін сұрақ: мен жындымын ба, әлде мені қоршаған басқа адамдар ма?»

25. Дұрыс әрекет сізді әрқашан танымал ете бермейді.

«Дұрыс деген нәрсе әрқашан танымал бола бермейді, ал танымал нәрсе әрқашан дұрыс бола бермейді».

26. Қиындықтар жаңа мүмкіндіктер береді.

«Шашылып жатқан жерден (тәртіпсіздіктен) қарапайымдықты іздеңіз. Үндестік жоқ жерден үйлесімдікті іздеңіз. Кедергілерден мүмкіндіктерді табыңыз».

27. Күш қолданып татуласуға болмайды.

«Бейбітшілік ешқашан күш қолдану арқылы келмейді. Оған тек өзара түсіністік арқылы қол жеткізіледі».

«Бір уақытта соғыстың алдын алуға және соғысқа дайындалуға болмайды».

28. Ұсақ-түйек нәрселер жоқ.

«Ұсақ-түйектегі шындыққа немқұрайлы қарайтын адамға, маңызды заттарда да сенім жоқ».

29. Өз жолдарыңмен жүріңдер.

«Көпшіліктің соңынан ерген адам, әдетте көпшіліктен ары кетпейді. Өзімен өзі жүретін адам ешқашан ешкім бармаған жерлерге жетуі мүмкін».

30. Интуицияңызды (түйсігіңізді) тыңдаңыз.

«Түйсік – қасиетті дарын, ал парасатты ақыл – адал қызметші. Біз қызметшіні құрметтейтін, ал дарынды ұмытқан қоғам құрдық».

«Мен ешқашан рационалды ойлау арқылы өз жаңалықтарымды ашпас едім».

31. Даналық оқудың нәтижесі емес. «Даналық – білім алудың жемісі емес, білімді меңгеруге өмір бойы талпыныс».

Альберт Эйнштейн айтып кеткен осы 31 өмірлік сабақ сізге де ой қосып, жол көрсетеді деп сенеміз.

769
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *