Кең тақырып болғандықтан қатысушылар баламен қарым-қатынас, тәрбие ерекшеліктері, махаббат, қандай тақырыптарда сөйлесіп, кітап оқып, кино көретіндерін, балаға кітап оқыту неге қиын, спортпен досы болу мүмкіндіктері, балалар әдебиеті туралы ойлар мен қорқыныштары туралы да сөз қозғады.
Видеоподкаст қонақтары: Әсел Рахметова, журналист, «Болашақ» түлегі және Данияр Есен, журналист
Екі қонағымыз да балаларын өсіріп, жетілдіріп отырған мол тәжірибесі бар ата-аналар, олардың айтқан ойлары мен тәжірибесі сіздерге де ой салады деп сенеміз.
«Ата-ана сағаты» жобасы АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Internews Kazakhstan ұйымының “Media CAMP — Орталық Азия” бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр.
Ютуб каналымыздан көріңіздер, подкаст платформаларынан тыңдаңыздар, бізбен бірге болыңыздар!
#ata_ana_sagaty#MediaCamp#internewskz