«Бусидо. Самурай кітабы»

«Бусидо. Самурай кітабы» ұсынған мына үзіндіні қазақшаға аудардым. «Бусидо. Самурай кітабы» кеңестері ойларыңызға ой қосып, бала тәрбиесіне жақсы әсер етеді деп сенемін.

«Бусидо. Самурай кітабы»

«Баланы самурай отбасында тәрбиелеудің өз ережелері бар. Сәби кезінен бастап оның бойындағы батылдықты ояту керек, ешқашан мазақтамау және қорқытпау керек. Өйткені балалар кішкентай кезінен қорқуға дағдыланса, ол бұл кемшілікті өмір бойы алып өтеді. Балаларды найзағайдан қорқуға үйрететін, қараңғыда жүруге тыйым салып немесе жылауын тоқтату үшін қорқынышты әңгімелер айтатын ата-аналар қателік жасайды. Ал баланы көп ұрысса, ол ұялшақ болады.

Балаларда жаман әдеттердің қалыптасуына жол бермеу керек. Өйткені жаман әдет тамырын жайып, тереңдеп кетсе, баланы қанша сөксең де ол түзелмейді. Дұрыс сөйлеу мен әдептілікке келер болсақ, балаларды бұған біртіндеп дағдыландыру керек. Бала өзімшілдік туралы білмесін. Осы жағынан дұрыс тәрбие алса, қалғанының бәрі өзінен-өзі жүреді.

Тұрмысы нашар отбасында өскен бала тілазар болады. Бұл – қалыпты нәрсе. Тіпті құстар мен жануарлар да айналадағы адамдардың мінез-құлқына еліктейді.

Сонымен қатар әке мен бала арасындағы қарым-қатынас ананың дұрыс емес әрекетінен де нашарлауы мүмкін. Анасы баласын дүниедегі бәрінен де артық жақсы көреді, сондықтан әкесі баласына ескерту жасағанда, оған араша болады. Анасы баласының жағына шықса, әке мен баланың арасында келісім болмайды. Анасы көбіне қартайған шағында баласының оған қамқорлық жасауын ғана ойлайды».

Болашақта «Бусидо. Самурай кітабы» кітабынан басқа да үзінділерді қазақшаға аударып ұсынамын.

Аударма жасаған Бақытгүл Салыхова

518
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *