Дұрыс тамақтану: пайдасыз 8 азық-түлік

Дұрыс тамақтану туралы қазір бәріміз білеміз, өз ойымызды айтамыз. Танымал болғаны соншалық, арнайы дүкендер де кеңесшілер де пайда болып жатыр. Дұрыс тамақтану туралы ақпарат аздық етпейді, сондықтан қандай азық-түлікке мән беріп, ал қайсысынан бас тарту керек екенін айтып отыру, өте маңызды. Тіпті кей бір нәрселерді қайталап айта берсек те артық етпейді. Сондықтан дұрыс тамақтанғыңыз келсе, жеміс қосылған йогурт, дайын салаттар және жарманы (ұнтақ ботқа, орысша: манная каша) да дастарханнан алып тастау керек.

1. Тез дайындалатын сұлы жармасы

Жалпы сұлы жармасы денсаулыққа пайдалы дегенді бұрыннан естиміз. Бірақ тек 20 минуттай пісірілетін сұлы жармасын ғана қолданыңыз, оған қоса ботқаны суға пісіріңіз және қант салмаңыз. Ал шағын пакеттерге салынған тез дайындалатын сұлы жармалары таңғы асқа да дұрыс тамақтану мәзіріне де жарамайды. Пакеттегі ботқада мюслидегідей қант көп. Ол денсаулыққа пайдасыз, оған қоса қарныңызды тез аштырады: таңғы асқа тез дайындалатын ботқаны жесеңіз, 1-2 сағаттан кейін тағы да бірнәрсе жегіңіз келіп кетеді.

Дұрыс тамақтану үшін жоғарыда айтқандай 20 минуттай пісірілетін сұлы жармасын ғана қолданыңыз. Дегенмен сұлы жармасында ақуыз жеткіліксіз екенін ескеріңіз, сондықтан  оны ірімшікпен (творог), сырмен немесе суға піскен жұмырқа, омлетпен бірге жеуге болады.

2. Тетрапакеттегі шырындар

Дүкенде сатылатын шырындар құрамы мен дайындалу технологиясы бойынша әртүрлі болады: тікелей сығылған, қалпына келтірілген, шырыны бар өнім т.б. Бірақ барлығын біріктіретін бір жағымсыз нәрсе бар: ол – шырындарда қаннттың көп болуы.

Тетрапакеттегі шырындардың орнына үйде дайындалған табиғи немесе мұздатылған жемістерден жасалған морс, немесе су, лимон, жалбыз қосылған үй лимонадын жасауға болады.

3. Макарондар

Дұрыс тамақтану кезінде бидай ұнынан жасалған макарондарды таңдау жақсы шешім емес.  Бұл тез сіңетін көмірсулар, сондықтан организмде май жиналады. Оған қоса түскі асқа макарон жегеннен кейін қарныңыз тез ашатынын да байқайсыз.  Одан да А тобында,ы макарондарға назар аударыңыз: олар бидайдың қатты сортынан жасалады, крахмалы аз, гликемия индексі төмен, яғни баяуырақ сіңеді және қандағы қанттың тез жоғарылауына жол бермейді. Оған қоса макаронды сатып алғанда оны қанша уақыт пісіретініңізге мән беріңіз. Уақыты ұзағырақ болса, соғұрлым жақсырақ деген сөз. Дегенмен тым көп қайнатып, езілгенше пісірмеңіз, al dente деңгейінде пісірсеңіз болады.

4. Жеміс немесе басқа қосымшалар қосылған йогурттар

Йогурттың пайдалы екені сөзсіз, бірақ ешнәрсе қосылмаған табиғи түрі. Ал дүкенде көбінесе жеміс, жасанды қоспалар, дәмдеуіштер, қант қосылған йогурттардың түрі өте көп. Мамандар 5–6% майлылығы бар, қоспасы жоқ йогурттар алуға кеңес береді. Тәтті джем, тосап, мюсли қосылған йогурттар денсаулыққа сондай пайдалы емес, тіпті қиян деуге болады.

Диетологтар дүкеннен йогурт алмай, одан да творог қолданыңыз деп кеңес береді, творогқа мезгілге сәйкес жаңа өскен жеміс-жидектерді қолдансаңыз тіпті жақсы.

5. Ұнтақ ботқа (манная каша)

Қазіргі ересек немесе орта жастағы адамдар балалық шағында осы ұнтақ ботқаны көп жеген болар? Немесе ұнамаса да жеуге мәжбүр болған болар? Дегенмен ұнтақ ботқа балаларға қажет мінсіз тамақ деп есептеледі. Өйткені ол тез сіңіп, баланың қарнын тойдырып, жүгіріп, ойнап, белсенді қозғалатын балаға қажет энергияны береді.

Ал ересектерге келсек, бұл тамақ оларға пайдасыз, калориясы көп, пайдалы витаминдер, минералдар жеткіліксіз.  Сондықтан оны дұрыс тамақтану кезінде рационға қоспаңыз.

6. Ақ күріш

Ұзақ сақталу үшін ақ күрішті қалай өңдейтінін білесіз бе? Алдымен оны тазалайды, сонан соң ұнтақтайды, кейбір срттарын бумен өңдейді. Осындай күрделі өңдеуден кейін күріште пайдалы заттар (ақуыз бен талшық) қалмайды десе де болады.

Ақ күрішті өсіп келе жатқан балаларға берсе болады, өйткені тез тойдырады.

Ал егер сіз күрішсіз өмір сүре алмасаңыз, ақ күріштің орнына қызыл, қоңыр, қара күрішті пайдаланыңыз. Олар денсаулыққа пайдалырақ және қоректік заттар да көбірек.

7. Жартылай дайын тағамдар

Сыртқы қорабы әдемі көрінетін тағамдар дүкенде өте көп, оған қоса микропешке сал да тез ысытып, не тез пісіріп жеп ал дейтін жарнама да өте көп. Бірақ дүкендерде сататын жартылай дайын тағамдарда (мысалы, ет және балық) жасанды дәмдеуіштер, бояғыштар, дәмді күшейткіштер, қант, трансмайлар көп. Оған қоса тұшпара, манты, құймақ, котлеттерді сатып алғаннан гөрі, үйде дайындаған тиімдірек және дұрысырақ. Өйткені оның неден жасалғанын өзіңіз жақсы білесіз.

8. Дүкен не фастфуд мейрамханасы ұсынатын салаттар

Ең басты проблема салаттың неден жасалғанын бақылай алмайсыз. Салатқа қосылған заттардың сақталу уақыты өтіп кетуі мүмкін немесе олар сапасыз болуы мүмкін. Бірақ тек бұл ғана сізді ойландырмауы керек. Оған қоса салатқа қосылған соус та неден жасалғаны маңызды. Бұл майонез бе, соның негізінде жасалған құйма ма, қандай май, тұз, қант қосылды, осыған байланысты салаттың да калоийі өзгереді.

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

820
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *