Жазушы немесе ақын болуға үйретуге бола ма? Қазақстанда осы сұрақты қойсаңыз «Жоқ» деген жауапты жиі еститініміз рас. Бірақ мен адамды жазуға үйретуге болады, үйрету керек деген ойды қолдаймын.

Жазушының немесе ақынның тек қана таланты немесе шабыты болғанда ғана жазады дегенді көп естимін, талант та, шабыт та керек болар, бірақ жазуға үйрету де керек. Бұл ойымды басқа елдерде өткізіліп жатқан курстар мен осы тақырыпта жазылып жатқан кітаптар дәлелдей түседі. Ағылшын тілінде осы тақырып бойынша көп материал таба аласыздар. Олар бұл дәрістерін «Creative writing» деп атайды, яғни «Шығармашылық тұрғыдан жазу» (еркін аударма) . Одан да басқа түрлері бар, мысалы, «Шығармашылық жазуға кіріспе» , «Шығармашылық жазу: әңгіме жазу», «Шығармашылық жазу: повесть жазу», «Шығармашылық жазу: өлең жазу», «Шығармашылық жазу: балаларға арналған шығармалар жазу» т.с.с. Бұл қосымша курс болуы мүмкін немесе университеттің толық курстары да болуы мүмкін.

Сондай курстардың бірін Глазго университетінде ұсынады екен. Ол «Creative Writing: Fiction» деп аталады, одан да басқа курстар туралы сілтемеден оқи аласыздар.

Сонымен бірге The Warwick Writing Programme деген де бар. Ол жерде мынадай курстар қамтылған:

Осының бәрін не үшін жазып отыр деген сұрақ қойғыларыңыз келіп отырған болар?

Менің бұрыннан келе жатқан арманым бар: осындай жазуға үйрететін курс ұйымдастыру, эссе жазуға үйрету, әңгіме, өлең жазудың негіздерін түсіндіру, жалпы жазушылар мен ақындардың стиліне шолу жасау т.с.с.

Қазақ тілінде мұндай курстар әлі жоқ, жазушылар да университеттерге барып тәжірибесімен бөліспейді екен, жастарға дәріс оқып, осы бағытта сабақтар берсе екен деп армандаймын.

Ал мына тізімдегі әдебиеттер ағылшын тілінде жақсы жазуыңызға септігін тигізеді, жалпы біліміңізді кеңейтіп, жазу процесіне деген ойларыңызды кеңейтеді.

Reading

The best writers are also the most voracious readers. Read widely, randomly and in an interdisciplinary fashion. You may find the following text books useful:

Morley, David, The Cambridge Introduction to Creative Writing (Cambridge University Press, 2007)

Herbert, W N & Hollis, Matthew, Strong Words: Modern Poets on Modern Poetry (Bloodaxe, 2000)

The Believer Book of Writers Talking to Writers (McSweeneys, 2009)

The Granta Book of the American Short Story, ed. Richard Ford (Granta 1998)

The Granta Book of the American Long Story, ed Richard Ford (Granta, 1998)

And When Did You Last See Your Father? Blake Morrison (Granta 1998)

Sudden Fiction, eds. Robert Shapard and James Thomas (WW Norton, 1996)

Lennard, John, The Poetry Handbook (OUP,1996)

Sudden Fiction (continued), eds. Richard Shapard and James Thomas (WW Norton, 1996)

Hulse, Michael, Kennedy, D. and Morley, David (Eds), The New Poetry (Bloodaxe Books, 1993)

Preminger, Alex, et al (eds), The New Princeton Encyclopaedia of Poetry and Poetics (Princeton University Press, 1993)

The Paris Review Interviews, vols 1-4

You will also be expected to familiarise yourself with contemporary writers writing and speaking about their processes and writing lives, such as in:

The Saturday Guardian’s Review section; The London Review of Books; The Times Literary Supplement; The Paris Review; The New York Review of Books; PN Review; Poetry Review; Warwick Review.

This is not an exhaustive list, merely a guideline. Many of these journals are available on a regular basis in the library’s periodicals section, any some have online archives.

Бақытгүл Салыхова

Алматы, 06.08.2014

841
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *