«Жанарсыз да өмірім жалғасады» деп жазылған жазбаны фейсбук әлеуметтік желісінен көріп қалып жариялауды жөн көріп отырмын. Жазбаның авторы Әйгерім Бегімбет: «Ақмарал Шымкенттегі көзі нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатының биылғы түлегі. Өте талантты. 5-сынып оқып жүргенінде абайсызда құлап, басынан ауыр жарақат алған. Айналасы бір айдың ішінде көз мүлдем көрмей қалыпты. 6-сыныптан бастап оқуын «Үмітте» жалғастырған. Ақмарал әдемі ән салады. Өлең жазады. Домбыра шертеді. Спортпен айналысады. Былтыр мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен республикалық спартакиадан жүгіруден және ядро лақтырудан қатысып, бір күміс, бір қола иеленді. Облыстық «Бәріміз бірдейміз — кемсітуді білмейміз», республикалық «Алтын қауырсын» байқауының І-орын иегері атанды. Өлеңдері облыстық басылым беттерінде жарияланып жүр. Ән байқауларынан алған жетістіктері де жетерлік. Ақмаралдың қайсарлығына, қайраттылығына, өмірге құштарлығына сүйсіндім. Ол бүгін облыстық жас әншілердің «Арай» байқауында бақ сынап жатыр. Ауырып бара алмай қалдым. Мен оның биіктен көрінетініне сенемін.»

21.02.2014

532
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *