«Кесірінен және арқасында» сөздерін орынды қолдану
Кесірінен немесе арқасында
Кесірінен және арқасында сөдерін орынды қолдануға жаттығу. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына сәйкес келетін сөзді таңдаңыз.
Есте сақтаңыз:
Кесірінен - үстеу. Мағынасы: біреудің тигізген зиянынан.
Арқасында - шылау. Мағынасы: біреу арқылы, біреудің көмегімен.
- Question 1 of 10
1. Қайырымдылық қорының көмегінің ............. алты жасар балаға дер кезінде көмек көрсетілді.
- Дұрыс
- Дұрыс емес
- Question 2 of 10
2. Қалада автобус жүргізушісінің ........ он көлік жол апатына ұшырады.
- Дұрыс
- Дұрыс емес
- Question 3 of 10
3. Шаруалар үнемдеу технологиясының ........... өндірістік шығынды 10 есеге азайтты.
- Дұрыс
- Дұрыс емес
- Question 4 of 10
4. Біраз биіктікке көтерілген ұшақ құстардың ............ қонуға мәжбүр болды.
- Дұрыс
- Дұрыс емес
- Question 5 of 10
5. Абайсызда пайда болған өрттің ......... төрт түлік мал қырылды.
- Дұрыс
- Дұрыс емес
- Question 6 of 10
6. Сіздердің қолдауларыңыздың ......... бірінші кезеңнен сүрінбей өттім.
- Дұрыс
- Дұрыс емес
- Question 7 of 10
7. Облыста толассыз жауған жауынның ......... екі бірдей ауылды су басып, адамдар далаға шыға алмай қалды.
- Дұрыс
- Дұрыс емес
- Question 8 of 10
8. Ол бүгінгі жетістіктеріне тек еңбектің ......... қол жеткізген.
- Дұрыс
- Дұрыс емес
- Question 9 of 10
9. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жариялаған деректеріне сәйкес, әлемде сегіз адамның бірі лас ауаның ......... қайтыс болады.
- Дұрыс
- Дұрыс емес
- Question 10 of 10
10. Күріштің ......... күрмек су ішеді (мақал).
- Дұрыс
- Дұрыс емес
Қайта бастаңыз
Cіздің ұпайыңыз:
Cіздің нәтижеңіз:
663