КҮРЕҢ КҮЗ
Әнін жазған Г. Дәукенова

Сөзін жазған Мұқағали Мақатаев

1.Күп-күрең менің реңім,
Қош енді, қош бол, күрең күн!
Жаз келер және жап-жасыл,
Жақсылық тағы тілермін.
Жадырап өмір сүрермін,
Қош енді, қош бол, күрең күз!

Қайырмасы:

Қош енді, қош бол, күрең күз
Күрең мұң саған жібердім.
Күлермін деп ем түнердің.
Білермін қалай, білермін.

2.Жыртылып жатыр күрең жер,
Күрең жер — тозған кілемдер.
Күрең тау анау, күрең бел,
Күрең бел — жиған кілемдер.
Жаз келер және жап-жасыл,
Жасауын жердің түгендер.

Қайырмасы:

3.Қош енді, қош бол, күрең күз!
Ақ қысты тездеп жібергіз.
Ақ қыстай әппақ бір елміз,
Ширығып біраз жүрерміз.
Шынығып өмір сүрерміз.

Қош енді, қош бол, күрең күз,
Қайырмасы:

 


күрең күз

1175
Share

От bilimpaz

2 комментария для “Күрең күз”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *