Ла-Маншты жүзіп өткен 2 қазақ әйелі
Ла-Манш бұғазы Атлант мұхиты мен Солтүстік теңізінің, Франция мен Ұлы Британияның арасында орналасқан бұғаз екенін білесіздер.
38 километрге созылған Ла-Манш бұғазы болжай алмайтын ауа райымен, судың төмен температурасымен және ағысымен танымал. Оны алғаш болып капитан Меттью Уебб 1875 жылы 21 сағат 40 минутта жүзіп өткен, содан беріЛа-Маншты гидрокостюмсіз жүзіп өту ережесі қалыптасты. Ла-Маншты қанша уақытта және қанша шақырымда жүзіп өтуге болатынын ешкім болжай алмайды, өйткені бұл ауа райына, судың көтерілуі мен қайтуына және басқа да қиындықтарға байланысты.
Қазірге дейін Ла-Маншты 2653 адам жүзіп өткен (https://www.channelswimmingassociation.com/ ). Соның ішінде 2 қазақ әйелі бар.
Ең алғаш болып Ла-Маншты 38 км-ді 15 сағатта Анел Сытдыкова жүзіп өтті. Ол үш баланың анасы, Ла-Манш бұғазын гидрокостюмсіз 2019 жылдың шілдесінде жүзген. Оған дейін 2016, 2018 жылдары жүзуге талпынған, бірақ ауа райының бұзылуына байланысты кейінге қалдырған.
Екінші болып Ла-Маншты екі баланың анасы елу жастағы Мадина Курманбаева бағындырды. Ол 2021 жылдың 19-нан 20 қыркүйегіне қараған күні британ порты Дуврдан шығып 68 кмді 16 сағат 54 минутта жүзіп өтті.
Құттықтаймыз!
Дайындаған Бақытгүл Салыхова.