Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі сабақтары барысында өз күнделіктерін толтыруға байланысты жұмыстар жүргізуге болады. Біз өз жұмысымызда мына үлгіні қолданатынбыз. Мұндай күнделікті толтыруды жылдың басында бастауға болады немесе оқу жылының соңында меңгерген білімдерінің қайталау, пысықтау мақсатында жүргізуге болады.

Жұмыс барысы:

Мұғалім алдын ала  дайындалған  күнделікті оқушыларға таратады немесе оқушылар сурет дәптерін әкеліп мұғалімнің көрсеткен үлгісіне сәйкес өз беттерінше сурет салып, бояп, жазып толтырады.

Күнделік жүргізуді жылдың басында  бастасаңыздар,  жұмысты аптасына бір рет, немесе екі аптада бір рет жүргізетіндей етіп жоспарлаңыз. Мүмкіндігінше күнделікті толтыруды сабақ барысында орындатыңыз. Оқушы бұл жұмысты өзі, ешкімнің көмегінсіз, асықпай,  ұқыпты жасауға дағдылануы керек. Сонымен қатар оқушылар өз жұмыстарын бір-біріне көрсетіп, пікір алмасуларына жағдай жасаңыз.

Мына жерден презентацияны жүктеп алуға болады: Menin kyndeligim

1737
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *