Менің қолымнан келмейді

«Менің қолымнан келмейді» деген сөзді әрбір адам айтатыны сөсзсіз. Бірақ ойланып көріңізші. Шынымен солай ма? Шынымен қолыңыздан ешнірсе келмей ме?

Сізге ешнәрсені дәлелдегіміз келмейді, жай ғана осыған дейін өмір сүрген данышпандардың сөздерін келтірейік.

Бусидо. Самурай кітабы: «Ұлы шеберлер қол жеткізген нәрсенің бәріне қол жеткізе алмаймын деп ойлау еш қисынға сәйкес келмейді. Шебер –  адам, сіз де адамсыз. Егер сіз олар сияқты бола алатыныңызды білсеңіз, сіз соған жетер жолдасыз. Иттей шебер былай дейді: «Конфуций қартайған шағында оқығандықтан емес, он бес жасынан бастап ұстаздыққа талпынғандықтан данышпан болды». Бұл буддистердің мына сөзін еске түсіреді «Ниет бар жерде, көрегендік те болады».

Франсуа де Ла Рошефуко: «Өзімізді ақтап алу үшін мақсатқа жете алмаймын деп өзімізді жиі сендіреміз; шындығында біз қауқарсыз емеспіз, ерік-жігеріміз әлсіз».

Д. Рон: «Бүгіннің өзінде өзіңізге жетістікке жеткен адамдай қараңыз».

П. Баует  «Жетістік – бұл баспалдақ, қолыңызды қалтаңызға салып алсаңыз баспалдақпен көтеріле алмайсыз».

Зиг Зиглар: «Жетістік дегеніміз –  қолымызда бар нәрсемен қолымыздан келетін барлық нәрсені жасау. Жетістік – бұл нәтиже емес, процесс; бұл жеңіс емес, талпыныс. Жетістік – бұл жеке стандарт, біз жасай алатынымыздың ең жоғары деңгейі, сонымен бірге мықтылардың ең мықтысы болу».

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

696
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *