Ойын тек қана уақытты бос өткізу дегенге келіспеймін, ойын арқылы оқуға, үйренуге, біліміңді кеңейтуге болады.
Бұл бетте ойынның түрлерін қамтуға тырысамыз.
Сөздермен жұмыс ойыны
Соның бірі «Сөз құра» ойыны.
Сөз құрау үшін берілген әріптердің орнын ауыстыру қажет.
«Play again» батырмасын басу арқылы келесі сөзге көшесіз.
Қазақстан қалалары туралы ақпаратты білу, олардың орналасуын, ерекшеліктерін зерттеп-білу ешкімге де артықтық етпейді. Ұсынып отырған ойын арқылы өзіңізді тексеріп, Қазақстанның картасындағы қалалардың орналасуын тауып көріңіз.
Өзіңізді тексерудің екі жолы бар:
1) «Мына жерде Ақтөбе орналасқан» деп болжам жасап, дөңгелек белгіні басыңыз. Жауабыңыз дұрыс немесе бұрыс екенін көріңіз.
2) «start test» батырмасын басып, берілген қаланың атауын оқыңыз, қай жерде орналасқанын табыңыз.
Сөздерді есте сақтауға арналған флеш карталарды ойын барысында қолдану
Сөз бен аудармасын байланыстыр
Бұл ойын арқылы қазақ ұлттық музыкалық аспаптардың атауларын қайталаңыз.
Осы ойын арқылы Қазақстандағы қалалардың атауларын естеріңізге түсіріп, әріптерден сөздерді құрастырыңыз.
Қазақ ауылы танымдық ойыны
«Қазақ ауылы» ойынының «Киіз үй тігу» бөлімі киіз үйдің негізгі құрамдас бөліктері және оларды тігу (құрастыру) ретімен таныстыру мақсатында жасалған. Ойыншы бір минут ішінде киіз үй бөліктерін реті мен тәртібін сақтай отырып, құрастырып шығуы керек.
«Қазақ ауылы» ойынының «Ерлер киімі» және «Әйелдер киімі» деген бөлімдері әртүрлі жастағы қазақ ерлері мен әйелдерінің қалай киінгені туралы ақпарат беруді және ұлттық киім үлгілерінің аттарымен таныстыруды мақсат етеді. Сәнді киінген әртүрлі жастағы ерлер мен әйел адамдардың суретін есте сақтау арқылы көрсетілген киім үлгілерін қайта саралап, жас ерекшеліктеріне қарай кімнің қандай киім киіп, қандай әшекейлер тағынғанын есте сақтауға тырысу керек.
Бұл ойынды ойнау үшін жоғарыда тұрған немесе осы » Қазақ ауылы танымдық ойыны » деген сілтемені басыңыз.
Ән жұмбақ
“Ән жұмбақ” ойынында ойыншының қазақ әндерін, күйлерін және классикалық музыканы қаншалықты білетіні сыналады. Ойыншы композияцияны атауын оның үзіндісін тыңдау арқылы табуы тиіс. Ойыншы өзі таңдаған жанр бойынша және өзі белгілеген уақыт ішінде берілген 4 нұсқаның ішінен дұрыс жауапты таңдауы қажет.
Ойнау үшін «Ән жұмбақ» сілтемесін басыңыз.
Бұл ойындарды қалай алуға болады? Рақмет!
бұл ойындарды қалай жүктеп алуға болады?
Сәлеметсіздерме. Ағылшын тілінен материалдарды қалай алуға болады
Бұл ойындар жүктелмейді. Тек қана онлайн ойнауға арналған. Барлық материалдарды тек онлайн көре аласыздар неме онлайн ойнай аласыздар.
Бұл ойындарды қалай алуға болады? Рақмет!
бұл ойындарды қалай жүктеп алуға болады?
Өте керемет! Маған ұнады!