Семинар-тренинг: Атырау
Семинар-тренингіміз Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалғасын табуда. Әр қаланың ерекшелігі бар сияқты, семинарымыз да әр қалада өзіне тән ерекшелікпен өтеді.
Cеминар барысында жасалған жұмыстармен таныс болыңыздар:
752
http://www.studystack.com/flashcard-1379475
http://www.studystack.com/flashcards-1379472
Атырау қаласының НЗМ жасалған жұмыс
http://www.studystack.com/flashcards-1379473
http://www.slideshare.net/Alipova/microsoft-office-power-point-27477163
http://www.studystack.com/flashcards-1377070
http://www.slideshare.net/lazifa89/lazifa
http://www.slideshare.net/upload?from_source=loggedin_newsfeed
http://www.slideshare.net/NurgulKoishibaeva/2-27481819
Қойшыбаева Нұргүл Оңғарқызы
Атырау қаласы химия –биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті
nurgul.ongar@gmail.com
Мүмкін бұл ойым қате шығар, бірақ мен мұғалімдерді қоғамның ең белсенді мүшелері деп санаймын. Себебі зияткерлік қырынан, ұйымдастырушы белсенділік тұрғысынан, сандық сауаттылық жағынан алып қарағанда олар қоғамның өзге мүшелерінен әлдеқайда озық тұрады. Сондай–ақ елдегі түрлі насихаттау жұмыстары да тікелей осы мамандық иелерінің араласуымен жүзеге асады. Десек те білетінімізден білмейтініміз әлдеқайда көбірек екенін мойындаған да дұрыс. Айталық, Бақытгүл Орынбасарқызы жүргізген «Білім саласында жаңа медиа технологияларды қолдану» курсы бойынша дайындалған семинар–тренингте осы уақытқа дейін өзім пайдаланып жүрген интернет өнімдерінің қызметін толық білмейтіндігіме көзім жетті. Мысалы: уикипедианы мен тек ақпарат көзі ретінде пайдаланып келіппін де, оны толықтыру, өңдеу жұмысына мән бермеппін. Кейде оны ақпараттар легімен толықтырып отыратын арнайы қоғам бар деп ойлап қоюшы едім. Сөйтсем, бұл ойым мүлде теріс екен. Slideshare.net туралы да осыны айтсам болады. Gmail.com почтасын тек хат, ақпарат алмасу құралы ретінде ғана пайдаланып келдім. Сондай–ақ дискіні қолданып, оның пайдалылығы туралы әріптестеріме айтып жүретінмін. Шамам келгенше блог жүргізіп, twitter, facebook желілерінде қоғамның белді мүшелерінің бірі болып саналатын (менің пайымдауынша) блоггерлермен, журналистермен пікір алмасып отыратынмын. Ол жерден де үйренгенім жоқ деп айта алмаймын. Ұстанымдарым мен пікірлерімнің қалыптасуына, қоғам туралы өзіндік көзқарасымның қалыптасуына септігін тигізді. Сондай–ақ қазақ интернетінің дамуына өз бетінше үлес қосып келе жатқан еріктілерге де риза болып отыратынмын. Кейбір желілерге локализация жасап, тер төгіп жатқандары да құптарлық іс. Өзімнің жұмысыма қажетті мәліметтерді massaget.kz, kerekinfo.kz, ikitap.kz, youtube.com- нан алып отыратынмын. Әсіресе, тыңдалым дағдысы бойынша қажетті материалым табылмай, қатты қиналатынмын. Осы семинардан кейін қазақ тілін екінші тіл ретінде оқып жүрген оқушыларға el.kz сайтындағы интерактивті қазақ тілін үйрену курсын жүйелі түрде қолданамын деген сенімдемін. Audacity–дi жиі пайдалануға тура келетінін түсіндім. Өйткені кіріктірілген оқу бағдарламасы бойынша оқушылардың тыңдалым дағдысын дамыту үшін таптырмайтын ресурс көзі. Studustack.com-ды жүйелі түрде қолдану жоспарымда бар. Әзірге қиыншылық тудырып тұрған мектебімізде интернет көзінің қолжетімсіздігі. Бірақ бұл мәселе көп ұзамай шешімін табады деген ойдамын.
Семинар өзім үшін өте пайдалы дүние болды. Қаншама жаңа ұғымдар, жаңа идеялар. Кәсіби өсуіме тек пайдасын тигізері сөзсіз. Менің көбірек білгім келетіні: уикипедиаға ақпарат енгізу туралы толық білгім келеді, сондай–ақ yvision туралы молырақ мәлімет алсам деймін. Қазақ интернетінің дамуын, өсіп–өркендеуін тілеймін. Оған қандай да болса бір пайдамды тигізгім келеді.
http://www.studystack.com/flashcard-1387590 «Ер Тарғын» жырының кейіпкерлеріне қатысты тапсырма ұсындым.
10:34, 2013 ж. қазанның 30 Нұргүл Оңғарқызы Қойшыбаева (Талқылауы | үлесі) . . (5819 байт) (-3) . . (жоққа шығару)
Түсінгенімше уикипедиадағы «Лиро -эпостық жырлар» мақаласына өңдеу жасадым, яғни жаңа ақпарат қостым. Бұл жасағанымның дұрыс -бұрыстығын біле алмай отырмын. Уикипедиада жұмыс істеуді үйренгім келеді. Тіркелдім.
Уикипедиада тағы бір мәліметті өңдеп көргенмін, толықтырдым дегенім дұрыс болар. (ағым. | соң.) 16:20, 2013 ж. қарашаның 4 Нұргүл Оңғарқызы Қойшыбаева (Талқылауы | үлесі) . . (2860 байт) (+492) . . (→Мысал) (жоққа шығару)