Стоиктер философиясы қайғы-қасіреттен қалай құтқарады?

«Стоиктер философиясы қайғы-қасіреттен қалай құтқарады?» деген сұрақ таңқалдырды ма?

Алдымен терминдерді түсініп алайық: адам қиналған кезде түрлі сезімдерді басынан кешіреді. Мысалы, қайғы-қасірет көреді, құса болады, азап шегеді, бейнет көреді, жапа шегеді, сергелдеңге түседі, тарығушылық көреді, налиды.

Енді әрбірін жеке қарастырайық. Сөздіктегі анықтамалары:

Қайғықасірет – басқа түскен шерлі, мұңды ауыр жай.

Құса болу  – сары уайымға салыну, қатты қайғыру.

Азап шегу (тарту, көру) – қиналу, қиыншылық көру.

Бейнет көру (тарту, шегу) –  азап шегу, қиянат көру, қиналып, қиыншылық көру.

Жапа шегу (көру, тарту) – зорлық-зомбылық көру, қиыншылықтың азабын тарту.

Сергелдеңге ұшырау (түсу) –  әуре-сарсаңды көп көру, әбігерге түсу, не істерін білмеу.

Тарығушылық көру – жоқшылыққа ұшырау, зәрулік.

Көңілі налу – көңіл толмау, қатты ренжу, назалану.

Назалану – қапалану, күйіну, кею.

Біз осы мақалада «қайғы-қасірет» дегенді «басқа түскен түрлі қайғы мұң, қиналу, уайымдау, күйзеліс» мағынасында алып отырмыз.

Сондықтан алдымен сіз нені басқара алатыныңызды және нені басқара алмайтыныңызды ажыратуды үйреніңіз. Сонда сіз қолыңыздағы нәрсені мүмкіндігінше өзгертіп, басқа қажет еместің бәрін жіберіп, азаптан аулақ боласыз.

Ішкі бақылау локусын дамыту

Әрине, іс жүзінде бәрі соншалықты қарапайым емес. Жұмыстағы келеңсіздіктер немесе жолдағы кептеліс сіздің бақылауыңыздан тыс екенін түсінуіңіз мүмкін, бірақ сіз оған әлі де ашуланып, зығырданыңыз қайнап, ызалануыңыз мүмкін.

Ең танымал стоик философтарының бірі Эпиктет мұндай жағдайда қалай әрекет етеді деп ойлайсыз? Ол «кез келген келеңсіз оқиғаның жаман екені оның болғанымен байланысты емес, біздің оған қалай жауап бергенімізге байланысты» деп есептеді.

Сіз әрқашан әділетсіздікке, қиындықтарға, күйзелістерге және тіпті азапқа да дайын болуыңыз керек.

Дүниеге осылай қарасаңыз, өзіңіздің өміріңізге де толық жауапкершілікпен қарайсыз және наразылықтың себебін сыртқы оқиғалардан емес, оларға қалай қарайтыныңыздан, жеке реакцияңыздан көре бастайсыз. Психологтар мұны ішкі бақылау локусы деп атайды. Бұл сыртқы емес, ішкі факторлар өмірдің қалай дамып жатқанын анықтайды деп сену жолы.

Әртүрлі жерден қуаныш табуды үйреніңіз

Инвестор немесе кәсіпкер сияқты ойлауға тырысыңыз: барлық ресурстарыңызды бір нәрсеге салмаңыз. Уақытыңыз бен күшіңізді қуаныш әкелетін түрлі нәрсеге бөліңіз. Жұмыспен қатар мәнді басқа нәрселерден де іздеп көріңіз, мысалы, әуестік және жеке жобалардан.

Өзіңіздің жеке тұлғаңызды тек бір саламен байланыстыру тым қауіпті, өйткені сіз күндердің бір күні осы саланы және онымен бірге жеке тұлғаңызды да жоғалтып алуыңыз мүмкін. Өмірде әрқашан күтпеген бірнәрсе болады, бірдеңе дұрыс болмайды, бұл сөзсіз.

Егер сізде қуаныш әкелетін және мағыналы істер көп болса, күтпеген жағдайлар сіздің өміріңіздің ағымын бұзған кезде, сіз үмітсіз қалмайсыз.

Қасірет сыртқы жақтан емес, іштен келеді. Сондықтан ең бастысы кедергілер мен қиындықтарды басқаша қабылдауды үйрену. Эпиктет айтқандай: «Адамдарды заттар емес, олар туралы ойлар азаптайды».

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

741
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *