Таратуға тұрарлық идеялар семинарымыздың екінші күнінің басты тақырыбы. Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтіп жатқан семинарға болашақ TED үйірмесінің мүшелері, сөз сөйлеуге қызығатын, өз ойларымен бөліскісі келетін, өз елін, ортасын, болашақта әлемді жақсы жаққа қарай өзгерткісі келетін оқушылар қатысып отыр.

Ең басты сұрағымыз «Таратуға тұрарлық идеялармен» байланысты: Қандай идея таратуға тұрады? Осы ұранмен жүргізіліп келе жатқан конференцияда сөйленген сөздердің ең танымалдарымен танысу, талқылау, өз ұсыныстарын беру де күн тәртібінде.

Семинар барысында оқушылар берілген тапсырмаларға сәйкес жұмыстарды орындап, жазбаларын дайындайды, оны көпшіліктің алдында шығып айтып береді т.с.с.

Жұмыс барысынан көріністер:

865
Share

От bilimpaz

22 комментария для “Таратуға тұрарлық идеялар”
  1. Семинар-тренигтің екінші күні тіпті әсерлі өтті. Әрбір қатысушы оқушылар тренигте өз ойларын ортаға салып, идеялар бөлісуде біршама жұмыстар орындап көшбасшылыққа өздерін дайындауды үйренді деп ойлаймын. Алддымен, семинардың басында сөйлей білудің түрлі шарттарымен танысты. Әсіресе, осы әдістерді меңгеруде мынаған басты назар аудару керек екенін оқушылар түсінді. Мысалы, білімді пайдалану, аудиторияны көпшілік назарына аудару, мәліметтер зерттеу, суретпен жұмыс,бірнеше суреттерді немесе кестелерді салыстыру,қарапайымнан күрделіге,бастапқы сөзіне қайта оралу,қорытынды сөз т.б. «Сиқырлы дүкен» ойынында оқушылар өздерінің қазақ тіліндегі сөздік қорларын пайдалана білуді немесе өз қабілеттеріннің ерекшелігін көрсетуде қызықты әрі белсенділік көрсетті, Ал «Жазушы шеберханасы» тренигінде егер кімде-кім жазушы болсам десе оны жетілдірудің жолдарын үйренді. Осы семинарды өткізуші Салықова Бақытгүл Орынбасарқызына осындай тартымды сабақтары үшін шексіз алғысымызды айтамыз!

  2. Бүгінгі TED КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өте қызықты болып өтті.Бүгін болашақ өмірге қажет болатын үлкен тәжірибе алдым.Достарыммен қызықты идеялар мен ойларды сарапқа сала отырып,олардың дұрыс шешімін таптым.Менің ойымша осындай конференциялар көбірек өткізілсе,әлемді,Қазақстанды көркейтетін ойлар пайда болады дегенге сенемін.

  3. Бүгінгі семинар өте қызықты және танымды болды. Көптеген нәрселерді үйреніп, білдік.Өмірлік сабақ болды. Ұстаздарымызға үлкен рахмет!

  4. Семинар өте қызықты өтті. Балалар өздерін жан-жақты көрсете алды десе де болады. Пікір — талас түрінде өз ойларын еркін білдірді. TED-тің не екенің білдік. Қоғамдық орында еркін сөз сөйлеудің ережелерімен таныстық. Бақытгүл Орынбасарқызына үлкен алғысымды білдіргім келеді.

  5. Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің екінші күні өткен ТЕД курсында да оқушылар белсенділікпен қатысты. Өз пікірлерін бөліскен оқушылар мәтін құрауды үйренді. Оқушылар қиялы болашаққа самғады, берілген тақырыптарды көркем тілмен әсерлене оқыды. Қызықты семинарды ұйымдастырған Бақытгүл Орынбасарқызына үлкен алғыс айтамыз.

  6. Бүгінгі семинар-трениг керемет өтті . Маған тамаша әсер қалдырды . Осындай шаралардың көптеп болуы қуантады . Керемет уақыт силаған Бақытгүл Орынбасарқызына РАХМЕТ .

  7. Мен осы семинардың қатысушысы болдым. Мен бірнеше семинарлар мен следтарда болсам да, бұл семинар өте ЕРЕКШЕ, ҚЫЗЫҚТЫ, болды. Ең басында, біз «TED» конференциясы туралы мағлұматтар алып, осы конференцияға қатысқан адамдардың сөз сөйлеуін тамашаладық. «Сиқырлы дүкен» ойыны арқылы , біз бір- бірімізбен пікір алмастық. Және де дәл осы күні, біз өзімізді жазушы ретінде сынап көрдік. Бәрінің әңгімелері өте қызықты, әрі ,менің ойымша, әрқайсысымыздың әңгімелері Ұлы жазушылар жазған сыңайлы болды. Осы үйірменің қатысушысы болғаныма мен ӨТЕ қуаныштымын. Осы семинарды еңбек терімен ҚЫЗЫҚТЫ өткізен Бақытгүл апайымызға ҮЛКЕН алғысымды айтамын!!!

  8. TED үйірмесіне арналған конференция керемет өтті. Оқушылар жаңа бағдарламалармен жұмыс істеуді, идеялардан тақырып туғызуды үйренді. Конференцияда алған бар білім бізге келешекте қажетті болады деп ойлаймын. Алғыс білдіремін сізге, Бақытгүл Орынбасарқызы!

  9. Бұл семинар маған қатты ұнады,көптеген нәрселерді үйреніп,өз пікірлерімізді жасырмай,еркін білдірдікМен үшін өте қызықты болды.Бұл семинарды ұйымдастырған ұстаздарға улкен алғысымды білдіремін,Әсіресе Бақытгүл Орыбысарқызына улкен рахмет!

  10. маған бүгінгі TEDx конференциясы өте ұнады.Бүгінгі күнімді ұмытылмас күндердің бірі десем қате айытпаймын)))..

  11. Сәлем! Менің атым Рауан. Мен 7 «К» сыныбында оқимын. Мен 13.04.2013 жылы өткен TED ұйымындағы семинарға қатыстым. Маған бұл семинар қатты ұнады. Себебі біз ойын ойнадық, пікір талас жүргіздік, өз ойымызды айттық, әр түрлі жұмыс жасадық. Осындай семинар мектебімізде жиі өтсе деген ойдамын.

  12. Бүгінгі TED конференциясы өте қызықты болды. Достарымның пікірін тыңдап, өз пікірімді ортаға салдым. Өмірге қажетті тәжірибе алдым. Көптеген пайдалы нәрселерді біліп, үйрендім. Мұғалімдерге үлкен рахмет!

  13. Иә, шынымен де, достарым айтқандай TED конференциясы туралы семинар керемет өтті!! Өмірді тануға үлкен үлесін қосты деп ойлаймын Ұйымдастырған адамдарға, мұғалімдерге көп рахмет!!

  14. Семинар өте қызықты болды.Өзіміздің болашағымызға керек көп ақпараттар алдық деп толық айта аламын.Салықова Бақытгүл Орынбасарқызына және өзгеде ұстаздарға көп -көп рахмет.

  15. Сәлеметсіздерме!Осы TEDx жайлы алғаш рет оқыдым.Менің ойымша,бұл өте жақсы,болашағы жарқын жоба.Балаларды мектеп қабырғасынан осындайға үйрету керемет қой!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *