Уоррен Баффет: өмірдің 5 сабағы

Уоррен Баффет  туралы бәріңіз білесіздер, енді оның ұсынған «өмірдің 5 сабағы» туралы оқып, ой бөлісіңіз.

Бай және табысты болсаңыз, өзіңізге риза болу оңай. Бірақ Баффет төменде жазылған қарапайым ережелерді ұстанғандықтан ғана бай және табысты болды.

Лео Бабаута –  Zen Habits атты жеке өнімділік туралы ең танымал блогтардың бірінің негізін қалаушы. Бұл жазбада ол өзінің кейбір қорытындыларымен бөліседі.

«Бірнеше күн бұрын мен миллиардер-инвесторлар Уоррен Баффет пен Чарли Мангердің қаржы мен өмір туралы әзіл-қалжыңымен, өткір сөздерімен және қарапайым даналықтарымен алмасып жатқанын 40 000 адаммен бірге көрдім. Бұл Омахадағы әйгілі Berkshire Hathaway-дің жыл сайынғы акционерлер жиналысында болды» (ред.түсіндірме: жазба 2013 жылы жарық көрген).

Мен инвестициялық әлемнің осы ғұламаларын тыңдап отырып олардың өз өмірлеріне қаншалықты қанағаттанғанына таң қалдым.

«Олар дүниенің барлық байлығына ие болып, барлық мәселелері шешілгендіктен ғана емес, өмірге қанағаттанудың негізгі принциптерін түсінгендіктен де соншама жайбарақат өмір сүруде. Бұл, меніңше, – супер күш.

Инвестициялық кеңестер арқылы жарасымды өмірдің сабақтарын үйрене отырып, бұл екі шебердің инвестиция туралы әңгімесін тыңдау таң қалдырды. Мен Уоррен мен Чарлиден білгенімді бөліскім келеді.

Негізгі сабақтар:

1. «Өзіңізді “жандыратын” затты табыңыз». Уоррен бұл туралы 50 жыл бұрын өзіне қандай кеңес беретіні туралы сұраққа жауап ретінде айтты. Ол жыныстық қатынас туралы емес, қалай табыс табу туралы сөз қозғады. Біз бәріміз өзімізге ұнайтын іспен айналысу керек екені туралы кеңесті естігенбіз, алайда Баффет өзінің жас тұлғасына тап осы кеңесті бақытқа жету үшін маңызды жол ретінде беретінін айтты. Егер сіз өзіңізді қызықтыратын нәрсені жасасаңыз, сіз өмірге және өзіңізге қанағаттану бағытына қарай әлдеқайда тез қадам жасап,алға жылжисыз.

2. Басқалардың не істеп жатқанына алаңдамаңыз.

Керемет ақылды адам Чарлидің айтуынша, Berkshire Hathaway компаниясының ең күшті жақтарының бірі – ол екеуіне, Уоррен мен Чарлиге, инвестиция әлеміндегі басқалардың не істеп жатқаны туралы уайымдаудың қажеті жоқ болғаны. Тым көп адамдар табандылықпен басқалардың істерін бақылап, осы бақылаулардың нәтижелеріне өздерін басқартқызып, ақыр соңында өздерінің ішкі компасымен байланысын жоғалтады. Бұлай істеуге болмайды, одан да  өзіңізге ең маңызды заттарды түйіндеп, басқалардың не істеп жатқанын тексеру қажеттілігінен және өз әрекеттеріңізді олардың іс-әрекеттерімен салыстыру қажеттілігінен бас тартыңыз.

3. Өзіңіздің күшті жақтарыңызды біліңіз.

Бұл екеуі (Баффет пен Мангер) өздерінің осалтұстарын, шектеулерін өте жақсы біледі, мысалы, олар ешқашан технологиялық компанияларға инвестиция салмайды, өйткені олар бұл сала туралы жеткілікті білмейді, бірақ үнемі өздерінің әлсіз жақтары туралы ойлаудың орнына, олар өздерінің күшті жақтарына жабысады. Олар қай жерде күшті екенін біледі және соған назар аударады. Бұл өмірге қанағаттанудағы маңызды сабақ: сіз бәрін жасай алуыңыз керек деген ойдан бас тартып және аз да болса, бірақ пайдасы көп заттарға назар аударудан қуаныш алуға ұмтылу керек.

4. Аз, бірақ жақсы.

Уоррен мен Чарлидің инвестициялық философиясы «азырақ деген жақсырақ деген сөз». Олар Уолл-стриттің қарапайым ойыншылары сияқты көп инвестиция салмайды, бірақ олар шын мәнінде күшті инвестициялардың азғана мөлшеріне назар аударады. Уоррен инвесторларға алдыңызда 20 тесігі бар перфокарта жатқанын елестетуге кеңес береді. Өміріңізде 20 инвестиция жасаған кезде перфокарта толады. Егер сіз мұны елестете алсаңыз, сіз осы инвестициялардың барлығының пайдалы болғанын қалайсыз. Сізге көбірек алудың қажеті жоқ, сізге талғампаз болып, азға қуануға  үйрену керек.

5. Өзіңізге ұнайтын нәрсені біліп, қалғаны туралы ұмытыңыз.

Уоррен Баффет, әлемдегі ең бай адамдардың бірі, сүйкімді, бірақ қарапайым үйде тұрады және таңқаларлық қарапайым Кадиллакты (айтпақшы, жеке жүргізушісіз) айдайды және өзінің сүйікті қарапайым мейрамханаларында тамақтанады. Ол өзіне әлдеқайда керемет заттар ала алады, бірақ олардан бас тартқан, өйткені ол өзіне қандай қарапайым нәрселер ұнайтынын жақсы біледі. Ол көп нәрсеге ие бола алады, бірақ ол оған қажет емес екенін біледі.

Қаншама адам мұндайға қабілетті? Жақсы көретін затыңыздан ләззат алыңыз және тағы да қандай затты ала аламын немесе басқа адамдарда қандай заттар бар екені туралы алаңдамаңыз.

Әлбетте, біреу: «Әрине, бай және табысты болған кезде өзіңе риза болу оңай» деп айтатын шығар. Бірақ менің ойымша, бұл ештеңені дәлелдемейді. Керісінше, дәл осы ережелердің арқасында мұндай адамдар табысқа жетеді.

Мен қанағаттану үшін шабыт пен ынталандыруды Омаха сияқты әдеттен тыс жерлерде табуға болатынын түсіндім. Онда кіммен сөйлессем де, маған жылы сөз тауып, күлімсіреп қарсы алды. Мен өзім де сол жерден күлімсіреп қайта оралдым.

Посттың түпнұсқасы — zenhabits.net/buffett/

*Суретте Лео Бабаута

565
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *