Фаббинг  (phubbing ) ағылшын тіліндегі  phone (телефон) және snubbing (немқұрайлы қарым-қатынас) cөздерінің қиысуынан құралған сөз.

Яғни, адамның  әңгімелесу барысында үнемі гаджеттерге алаңдай беру әдеті. Бұл тәуелділіктің бір түрі. 2012 жылы McCann жарнама агенттігінің қызметкері осы терминді ұсынған.

Фаббинг әдеті күнделікті қарым-қатынасты бұзып қана қоймай, адамның психикасына да әсер етеді. Оған қоса фаббинг әдеті адамда қорқыныш тудырады: әлеуметтік желідегі бірнәрсені жіберіп аламын ба деп ылғи уайымдап жүреді.  

Кент университетінің зерттеушілерінің сөзіне сенсек, ерлерге қарағанда әйелдерде бұл әдет көбірек кездеседі. Сонымен қатар бұл әдет «жұқпалы» десе де болады. мысалы, егер досыңыз телефонын шұқылап отырса, сіз де қолыңызға гаджетіңізді алғыңыз келеді.

Бұл тәуелділіктен қалай құтылуға болады?

1. Тамақ жеп отырғанда үстелдің үстіне телефоныңызды қоймаңыз. Өйткені смартфоныңызды көрген сайын, оны қолыңызға алғыңыз келіп тұрады.

2. Жеке кездесу өткізіп жатқан кезде де смартфоныңызды қолданбаңыз және осыны әдетке айналдырыңыз. Осы арқылы сіз кездесіп отырған адамға құрмет көрсетесіз, оның қаншалықты маңызды екенін сезіндіресіз.

3. Егер сізге жұмыс барысы бойынша ылғи пошта, мессенджер, әлеуметтік желілерде болу қажет болмаса, жай телефон сатып алыңыз.

4. Егер сіз маңызды кездесуге бара жатсаңыз, әріптестеріңізге, жақындарыңызға тек өте маңызды мәселелер бойынша ғана хабарласуын ескертіңіз. Солай істесеңіз кездесу барысында әр 10 минут сайын телефоныңызды қолыңызға ала бермейсіз.

5. Өзіңізге неге ылғи смартфонымды қолдана беремін деп сұрақ қойыңыз. Нақты жауабыңызды тапқан кезде, өз уақытыңызды тиімді басқара бастаңыз.

6. Смартфоныңызды дыбыссыз режимге қойыңыз. Қажет емес мобильді қосымшаларды және әлеуметтік желілердегі  парақшаларыңызды өшіріп тастаңыз. Сонда сіздің назарыңызды аударып,  мазалай беретін хабарламалардың да саны азаяды.

Ал сізде осы әдет бар ма? Сіз онымен күресесіз бе?

құрметпен,

Бақытгүл Салыхова

578
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *