Ховард Гарднер теориясы

Ховард Гарднер теориясы қызық болса, оқып көріңіздер.

Интеллекттің тоғыз түрі

Жұрттың бәрі әртүрлі, әрқайсысының өз дарыны бар дегенді  жиі естиміз. Шынында да, бұл намысқа тимеудің сылтауы емес. Адамдардың  ақылдылығы әртүрлі екенін айтатын көптеген тұжырымдамалар бар. Бұл мақалада біз америкалық психолог Говард Гарднердің интеллект теориясы туралы сөз қозғаймыз. Ол ақпаратпен жұмыс істеу тәсіліне әсер ететін интеллекттің тоғыз түрін бөліп шығарған. Оның теориясы әр адам бірдей істі неліктен әртүрлі атқаратынын түсіндіреді.

Өзінің керемет ақылдылығы үшін мақтау алу немесе оны жай ғана ақылды деп атағанын есту көптеген адамдар үшін өте маңызды. Ақылды адам басқалардан жоғары тұрады, өйткені оның ақыл-ойы басқа адамдардың ақылымен салыстырылады.

Интеллект, көбінесе, біздің психикалық әлеуетіміз, біз осы ақылмен дүниеге келдік, оны өлшеуге болады және оны өзгерту қиын қабілет ретінде анықталады. Ақылды болу жақсы, бірақ бұл анықтаманың кемшілігі де бар. Біреуді ақылды, сондай-ақ әдемі деп атау біздің жеке тәжірибемізге және осы ұғымдарды түсінуімізге негізделген. Сондықтан мұндай сын есімді шектеуші деп санауға болады, оған қоса ол бізге үлкен қысым көрсететінін де ұмытпайық. Өйткені біз әркім үшін өзімізше ақылды және әдеміміз.

Интеллектті өлшеу мақсатында IQ тестілеу тұжырымдамасы жасалды. Дегенмен, интеллектті өлшемейтін және барлық адамдарды белгілі бір деңгейге жеткізуге тырыспайтын басқа теориялар да бар. Мысалы, Гарвард психологы Ховард Гарднер ұсынған көпбағытты, көпсалалы (множественный) интеллект теориясы бар.

Көпбағытты (көпсалалы) интеллект теориясын 1983 жылы Говард Гарднер жасаған. Гарднер — Гарвард университетінің когнитивтік психология және білім беру теориясы бойынша оқытушысы, профессоры. Оның теориясындағы интеллект тек тілдерді білу немесе математиканы білу емес. Ол бізге берілген қабілет, дағдылар жиынтығы ретінде қарастырылады. Ховард Гарднердің ең танымал жұмысы «Таңдаулы бестік. Табысқа жетелейтін ойлау стратегиялары» («Великолепная пятерка. Мыслительные стратегии, ведущие к успеху».) деп аталады. Кітапта 21 ғасырда білім, жұмыс және жеке өмірде табысқа жетуге көмектесетін ең табысты ақпараттық стратегиялар сипатталған.

Теорияның негізгі тезистері:

• Гарднер интеллекттің дәстүрлі психометриялық көзқарастары тым шектеулі деп есептейді. Барлық адамда әртүрлі интеллект бар.

• Адам бойындағы қабілеттер мен дарындылықтың толық ауқымын қамту үшін Гарднер интеллекттің тоғыз түрін анықтады: натуралистік, музыкалық, логикалық-математикалық, лингвистикалық-вербалды, экзистенциалдық, тұлғааралық, өзіндік (ішкі тұлғалық), дене-кинестетикалық және визуалды-кеңістіктік.

• Әр адамда интеллекттің бір түрі басым болады, бірақ басқалары да жақсы дамыған болуы мүмкін. Мысалы, сізде музыкалық интеллект басым, бірақ лингвистикалық және сөздік қабілеттер де дамыған.

Сын және әсер ету

Гарднер теориясын психологтар да, педагогтар да сынға алды. Сыншылар Гарднердің интеллект анықтамасы тым кең екенін және оның тоғыз интеллекті дарындылықты, тұлғалық қасиеттерді және қабілеттерді бейнелейді деп санайды. Гарднер теориясы эмпирикалық зерттеулерде қолдау таппайды. Осыған қарамастан, ол білім беру саласында айтарлықтай танымал. Көптеген мұғалімдер бұл тұжырымдаманы өз оқушыларын жекелендіру үшін пайдаланады. Көпбағытты интеллект теориясы білім беруде де танымал, себебі ол педагогтардың күнделікті тәжірибесін растайды: оқушылар мен студенттер әртүрлі ойлайды және үйренеді.

2532
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *