Шотландияға сапарым: 11-күн

Бүгін сенбі, таңертең жұмысқа бармайтын күн болғандықтан онлайн курсымның видеоларын көруді бастадым, жартысын алдында көрген болатынмын. Бұл Duke University ұсынып отырған курс  «English Composition I: Achieving Expertise» деп аталады. Ағылшын тілінде жазу стилін жақсартамын дегендердің бәріне пайдалы. Оқып жатқандарыңыз бар болар. Сол жердегі оқуға ұсынылған тізімнен 11 Rules for Better Writing http://thetalentcode.com/2013/04/02/11-rules-for-better-writing/

Қай саланың маманы болсаңыз да есеп, мақала, түсініктеме т.с.с. толып жатқан қағза жазуыңызға тура келеді. Жазуға үйрету мені қызықтырып жүрген саланың бірі, Глазго университетінде Creative writing деген курс бар, соған жазылып қойғанымды айтқан болатынмын. Екінші қазанда басталады, жаңалықтарымен бөлісіп отырамын ғой.

Сонымен бірінші аптаның видеоларын көріп, қосымша оқитын нәрселерді шолып шығып жатырмын. Әсіресе мына қосымша видеолар ұнады, сіздерге де көруге кеңес беремін:

Түстен кейін осында оқып жатқан қыздар қонаққа шақырып, соған бардым. Сөйтсе бір пәтерді бірге бөлісіп тұратын қазақ және үнді қызы өзімен бірге оқитын студенттерді танысуға, сөйлесуге шақырған екен. Дәмді тамақ, қызық әңгіме, әзіл-қалжың, уақыт қызықты өтті.

Глазго, Шотландия
сенбі, 27.09.2012

470
Share

От bilimpaz

Один комментарий к “Шотландияға сапарым: 11-күн”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *