Шотландияға сапарым: 29-күн The Riverside Museum, Glasgow

Бүгін сәрсенбі, жұмыстан шығып Глазгодағы тағы бір мұражай The Riverside Museum деген жерге бардым. Оны басқаша Scotland’s Museum of Transport and travel деп атайды. Қысқартып айтсақ Трансорт музейі (мұражайы) (Мұражай емес музей деп қолданыңдар деп айтса да мол музей сөзін жаза алмай-ақ қойдым).Шотландияға келгелі бері Глазгоның төрт мұражайына бардым, бәрі де керемет әсер етті. Транспорт мұражайын қалай мақтасаңыз да жарасады, «Қандай керемет!» дегеннен басқа сөз жоқ. Біраз елдерге барып, түрлі мұражайларды көргенмін, бірақ Глазгоның мұражайлары барлық жағынан да ерекше әсер етіп жатыр.

Төмендегі слайдшоу ютубтың көмегімен жасалды, әрине, ол арқылы мұражайдың ерекшелігін, шын мәнінде ең мықты атқа лайық екенін көрсете алмадым. Дегенмен уақыттарыңызды тауып көріп шығуларыңызға болады.

Қазақстанда «Сандық және бесік» (атауы басқаша болуы мүмкін, немесе үлкен мұражайлардың бір бөлігі де болуы мүмкін) жасау керек деген ой келді. Өйткені кейінгі ұрпақ өзіне дейін не болғанын білуі керек, қолымен ұстап, түртіп, сипап көруі керек. Шотландтықтар бұл жағынан мықты екен, бәрін тап-тұйнақтай етіп жинап, ұқыптылықпен осы күнге дейін сақтаған. Бұл жердегі транспорт түрлері көшірме емес, түпнұсқалар. Иә, «бұл ескі, қажет емес», деп бәрін құрта бермей сақтау керектігіне көзім жетіп жатыр.

Бүгін бәрін керісінше жазып жатырмын, енді осы мұражайға бара жатқанда түсірген суреттеріме де көз қырларыңызды сала отырыңыздар.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 IMG_0706

Глазго, Шотландия
сәрсенбі, 15.10.2014

528
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *