Шотландияға сапарым: 31-күн Science Center

Бүгін жұма, негізі әңгімені Ғылым орталығынан бастайын дегенмін. Бірақ осы аптада елдегі біраз адамдар газеттің болашағы туралы айтқан жаман пікірлері ойымнан кетпей, жолда соны ойлаумен болдым.

Содан төмендегі ойларымды жазып шыққан болатынмын, фейсбукке арнап жаздым, бірақ кейін ол жерге салғым келмей қалды. Керек адам осы сайттан да оқып алар. Сонымен:

«Журналисі бар, журналист емесі бар «газет өледі» деп байбалам салып, оның жойылуына барынша үлес қосқанша, «газетті қалай жандандырамыз, оны қалай аман сақтап қаламыз, оның танымалдылығын қалай арттырамыз?» деп аздап болса да ойланған дұрыс болар. Оқырман ретінде мен газеттердің жойылып кетуін қаламаймын және олар біраз уақыттан кейін жоқ болады дегенге сенгім келмейді. Мүмкіндігінше дәстүрлі, қазір бар нәрселерді сақтап, дамыта түсуге тырысу керек қой, бұл тек қана газетке қатысты емес.

Шотландиядан бір мысал. Шотландияда күнде шығып тұратын 23 газет, жексенбі сайын шығып тұратын 13 газет бар (жергілікті газеттер, яғни әр қалада шығып тұратын апталық газеттерді есептемегенде). Басқа да мағлұмат алғыларыңыз келсе уикипедиядан  «List of newspapers in Scotland»  деп қарасаңыздар болады. Келген күннен бастап азық-түлік дүкендеріне кіремін ғой, Алматыдағы супермаркеттер сияқты, үлкені бар, кішісі бар. Сол үлкендеу, кішілеу супермаркеттерінің бәрінде газеттер қойылған сөрелер бар. Олар көбінесе кіре беріс жерде орналасқан, кейбіреуінде ғана  ақша төлейтін жердің қасынан көрген сияқтымын. Яғни, дүкенге кіргеннен адамдардың көзі газеттерге түседі, алсын, алмасын бір айналып шығады, сонан соң әрі қарай жүреді. Азық-түлігі, керек-жарағымен қоса адамдар газетті де сатып алады немесе кейбіреулері сол жерде тұрып оқиды.

PS: адам кітап, газет оқуы үшін, оны күнде әр жерден және жиі-жиі көріп тұруы  керек, сондықтан болар мұндағы кітап дүкендерінің  терезелері үлкен және өтіп бара жатып, сол жерде тұрған кітаптардың мұқабасына, оның бағасына, әрірек тұрған кітап сөрелеріне көзің түседі. Дәл қазір болмаса да, кейін бір кіріп шығайыншы деген ой еріксіз келеді. Сөзімді суреттермен дәлелдейін:»

IMG_0711 IMG_0712

Мынау «Morrisons»-тағы газеттер:

IMG_0714 IMG_0716 IMG_0717

Ал мынау Ғылым орталығы: Глазго шынымен де керемет қала, бұл жердегі әр мұражай ерекше. Дүниежүзінде Science Museum дегендер бар, Глазгода ол мұражай деп аталмаған, оны жай ғана Ғылым орталығы (Science Center)  дейді. Осыған дейін  Гонконгта Ғылым мұражайын көргенмін. Глазгоның Ғылым орталығы да керемет екен. Үш қабатты ғимаратта кішкентай баладан, үлкендерге дейін, ата-әжелерге дейін қызығып ойнайтын, ұстап көргісі, жылжытқысы, лақтырғысы т.с.с. келетін түрлі заттар бар. Әртүрлі эсперименттер жасауға болады, орталықтың қызметкерлері қосымша түрлі шаралар ұйымдастырады, ол шараларға алдын-ала жазылып қойылуыңыз керек.

Ұмытып кетіппін ғой: Ғылым орталығына кіру тегін, кейбір шаралары ғана ақылы, қызыққан адамдар оны сатып алып жатыр. Сонымен бұл жерде күні бойы ойнауға, жаңа нәрсені үйренуге, біліміңді шыңдауға болады.

IMG_0737

Ғылым орталығыны кіріп келсеңіз  сізді үлкен жүрек қарсы алады, бір қызығы ішіне кіруге болады екен, бір жағынан кіріп екінші жағынан шығасыз, ішінде жүректің құрылымы түсіндірілген.

IMG_0739 IMG_0741

Әрі қарай жүрген кезде, басыңызды кішкене жоғары көтерсеңіз мына маңызды сөздер жазылып тұр: «Ғылым мен технологияны түсініп, оған  қызығушылық танытатын ұлттың азаматтары  жетістікке қол жеткізіп дамиды, болашағы жарқын» делінген.

IMG_0751

Ғылым орталығына кіру тегін, бірақ қайырымдылық жасап ғылымның дамуына үлес қосамын десеңіз мына жерге өз ақшаңызды салып кетуіңізге болады.

IMG_0752 IMG_0767 IMG_0770 IMG_0771 IMG_0773

Мына үшбұрыштарды барынша жинауға тырыстым, бірақ …

IMG_0780

 

IMG_0822 IMG_0825

Қабырғадағы тесіктерге ойыңыз жазылған қағазды орап салып кетесіз,   әртүрлі ойлар, тілектер жазылған. Біреуін ашып оқып қарасам: «Мама, мен сені жақсы көремін» деп жазып қойыпты.

IMG_0837 IMG_0906 IMG_0907 IMG_0914 IMG_0956 IMG_0966 IMG_0991

 

Глазго, Шотландия

жұма, 17.10.2014

520
Share

От bilimpaz

3 комментария для “Шотландияға сапарым: 31-күн Science Center”
      1. ол да анау-мынау кинотеатр емес кой, ғылыммен байланысты бари. космос туралы жақсы кинолары бар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *