Шотландиға сапарым: 39-күн Python

Бүгін сенбі, сенбі болса да Глазго университетінде тағы бір курсым басталды: Python программасына кіріспе деп аталады. Сабақ сағат онда басталып, төртте аяқталады.

python-logo-master-v3-TM

 

Таңертең жаңбыр жауып тұр, қатты жауып тұр, осы аптада жаңбырдан көз ашпадық қой. Аздап Глазгоның жаңбырына жыным келе бастады. Баратын жеріңе қолшатыр ұстасаң да су болып жетесің, жел қатты, қолшатырыңды майыстырып тастайды. Айналадағы жұрт жаңбырға қарамай жүгіріп жүр, кейбіреулері тіпті қолшатыр да ұстамайды, сонда олар су болмай ма түсінбеймін, әлде су болса да оларға дискомфорт емес болар. Өзім су болсам немесе аяғым су болса мазам кетеді.

Жаңбырға қарамай университетке бара жатырмын, менде қоймаймын жаяу жүруді, автобусқа отыра салсам да болады ғой. Автобуспен жүруді әдетке айналдыра алмай қойдым, Алматыда да автобусқа көп отырмайтынмын (бірақ ол жақта жеке көлігім болды ғой).

Әне міне дегенше университетке жеттім, қабырғадағы хабарландыруларды қарап тұрып сабақ кестесін таптым, бұл жолы үшінші қабатта екен. Негізі сабақтарым әртүрлі ғимаратта болып жүр, бірақ осы Андрю ғимаратында екі курсым өтеді.

Үшінші қабатқа көтеріліп, аудиториямды таптым, есікті тартсам аша алмадым, бірақ ішінде адамдар бар екені естіліп тұр. Сөйтсем есікті қаттырақ тартуым керек екен.

Бұл курсқа бір жақсысы алты адам жазылыпты, бәрі жастар, басқа курстарда үлкен кісілер көбірек еді.

Сонымен мұғаліміміз курсты мақсатын, талаптарын айтып, не үйрететініне тоқталды. Қолымызға істейтін тапсырмаларды таратып берді. Сонан соң тақтаға жақындаңдар деп, түсіндіре бастады. Бұл сабақ теориясы мен практикасы қатар жүрген сабақ болды, өте қызық. арасында үзіліс жасап, ғимаратты бір айналдырып таныстырып шықты,

Python программасы туралы естігендер бар болар. Білмесеңіздер сілтемеге кіріп оқып алуларыңызға болады.

Әркез көмекке келетін Уикипедия былай дейді ғой:

Python is a widely used general-purpose, high-level programming language.

The core philosophy of the language is summarized by the document «PEP 20 (The Zen of Python)», which includes aphorisms such as:

  • Beautiful is better than ugly
  • Explicit is better than implicit
  • Simple is better than complex
  • Complex is better than complicated
  • Readability counts

Сонымен уақыттың қалай тез өткенін байқамай қалдым. Мұғалім әр тапсырма барысында қасымызға келіп отырып, сұрақтарымызға жауап беріп, түсінбегенімізді көрсетіп, жақсы жұмыс істеді 🙂

Глазго, Шотландия

сенбі, 25.10.2014

 

746
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *