Әйел адам ғылыммен айналыса алмайды деген пікірді көбі қолдайды. Сіз бұл туралы не ойлайсыз?

Ғылыммен әйелдер қай кезден бастап айналыса бастағанын білмесем де, 11 ақпан — ғылымдағы қыздар мен әйелдердің күні екен анық. Қазір ақпан болмаса да, осы бір қыркүйектің ерекше күнінде ғылымға үлес қосқан әйел адамдарды еске түсірейік.

Әйелдердің ойлап тапқан өнертабыстар қарапайым және олардың ішінде күнделікті өмірде қолдануға ыңғайлы, қажет нәрселер өте көп екен.

Ең алғаш ашқан өнертабысы үшін патент алған әйелдің аты-жөнін білесіз бе?

Ол — Мэри Кис. 1809 жылы сабаннан тоқылатын бас киімнің ерекше тоқу әдісін ойлап тауып, адамдардың баюына көмектескен.

Әйел адамның патент алуы басқа да әйелдерге ашқан жаңалықтарын өз атына жазуға мүмкіндік туғызды. Сөйтіп тарихта әйел адамдардың өнертабыстары өз орнын алып, мәңгі есте қалды.

Әйелдердің ойлап тапқан өнертабыстарының тізіміне назар аударыңыздар.

Шырайналмалы ара (Циркуляр арасы)

15 лучших изобретений женщин

Табита Бэббитт екі жақтан тартып кесуге арналған арамен жұмыс істеп жатқан ер адамдардың жұмысын бақылап жүреді. Сөйтсе ара әрі-бері тартылып, жылжығанымен ағаш тек қана ара алға жылжығанда ғана кесіледі екен, сондықтан адамдар біраз күшін босқа жұмсайды. Сондықтан Бэббитт ойланып жүріп 1810 жылы шырайналмалы араның прототипін ойлап шығарады, кейін ол ағаш өнеркәсібінде кеңінен қолданыла бастайды.

Ыдыс жуатын машина

15 лучших изобретений женщин

1886 жылы Джозефина Кокрейн ыдыс жуатын машинаны ойлап табады. Бірақ одан 40 жыл өткеннен кейін ғана үй шаруасына қажет зат ретінде қолданыла бастайды.

Автокөлік терезесін тазалағыш

15 лучших изобретений женщин

Автокөлік терезесін тазалағыш автомобильмен қатар ойлап табылмады. Оған дейін жүргізушілер тоқтап, қарды қолдарымен тазалаулары керек еді. Осы жағдайды көрген Мэри Андерсон 1903 жылы автокөлікке арналған терезе тазалағышты ойлап шықты.

Car muffler

15 лучших изобретений женщин

Бұл акустикалық фильтрді Эль Долорес Джонс  1917 жылы ойлап шығарды. осыдан кейін өмір бұрынғыға қарағанда тынышырақ бола бастады. Орыс тілінде глушитель деп аталады, қазақша қалай екенін білмеймін, бірақ сағынасы жағынан «дыбыс бәсеңдеткішке» келеді. Осы туралы ойларыңыз болса, пікірге жазып кетіңіздер.

Кевлар

15 лучших изобретений женщин

1965 жылы Стефании Кволек кевлар деп аталатын синтетикалық материал ойлап тапты. Кейінірек осы материалдан бронежилет, яғни оқ өткізбейтін кеудеше жасалды. Ол өз кезегінде қаншама полицей, өрт сөндіруші және әскери адамдардың өмірін сақтап қалды.

Қар жинайтын машина

15 лучших изобретений женщин

«Үй ғана емес, көше де таза болуы керек», — деп ойлаған секретарь Синтия Вестовер 1892 жылы көшені қардан тазалайтын машинаның алғашқы нұсқасын жинап шықты.

Су асты кемелеріне арналған перископ

15 лучших изобретений женщин

Перископтың прототипін Иоганн Гутенберг  1430 жылдары шығарса, 1845 жылы америкалық Сара Мэтер өнертабысын патенттеген еді. Оған қоса призмалық перископты қолдануды азамат соғысы жылдары, дәлірек айтсақ 1861 жылы, Томасом Доути жүзеге асырды деген нұсқа да бар.

Силикон

15 лучших изобретений женщин

Мүсінші Патрисия Биллингс цементке қосылатын қоспа ойлап табуды жоспарлайды. Осы қоспа оның жасаған жұмыстарын бүлініп, қираудан сақтауы керек болатын. Бірнеше жыл жасаған тәжірибеден кейін, 1970 жылы ол өз мақсатына жетеді. Сөйтіп ол берік сылақ ойлап табады. Оған қоса бұл материал отқа да төзімді болып шығады.

Wi-Fi негізі

15 лучших изобретений женщин

Хэди Ламаррдың аты дау-дамай мен жанжалмен байланысты екенін білерсіздер, өйткені ол чехословак режиссері Густав Махатоның фильміне түсіп, біраз адамның ашуын келтірген. Бірақ Хэди тек қана киномен қызықпаған. Ол 1941 жылы құпия байланыс құралын патенттеген еді. Бұл байланыс құралы хабар тарату жиілігін өзгерте алатын, сол арқылы қарсыластар оны ести алмайтын немесе ақпаратты қолға түсіре алмайтын. 1962 жылдан бері бұл құрылғы америкалық торпедаларда қолданылады. Оған қоса бұл технология мобильді байланыс пен WiFi үшін де қолданылады.

Кофеге арналған фильтр

15 лучших изобретений женщин

Мелитте Бенц алғашқы фильтрді 1909 жылы оқушы дәптерінен орап дайындаған. Осы әйелдің құрметіне танымал неміс компаниясы аталғанын да айтып өтейік, яғни Melitta — кофеге арналған фильтрлерді өндіруші.

Дайындаған: Бақытгүл Салыхова

19.09.2021

3442
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *