Жаңа оқу жылына арналған оқулықтар шыға бастады. Соның бірі «Алматыкітап» баспасынан шыққан  оқу қазақ тілінде емес жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 1-сыныбына арналған «Қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. Авторлары: Бақытгүл Салыхова, Әлия Хазимова, Айжан Ауғанбаева.

Оқу-әдістемелік кешені «Қазақ тілі» оқулығынан, №1, №2, №3 жазу дәптерлерінен, аудиотаспадан, баспалы-демонстрациялық және әдістемелік құралдан тұрады.

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес дайындалған оқулықтың мазмұндық желісі үш аяға бөлініп ұсынылған. Олар: әлеуметтік-тұрмыстық ая, әлеуметтік-мәдени ая және оқу-еңбек аясы. Әрбір аяда қамтылған тақырыптар он бір бөлімге жинақталып берілген.

Қазақ тілін меңгертудің қарапайым деңгейіне негізделген әрбір сабақта тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым әрекеттері толық қамтылған. Әр тақырыптың жаңа лексикалық қоры оқулық соңында іріктелген. Онда әр бөлім бойынша оқушы білуге тиіс сөздер, сөз тіркестері, сөйлем, сөйлесім үлгілері жинақталып берілген. Берілген лексикалық қормен жұмыс істеу жолдары да әдістемелік құралда түсіндіріледі.

Әр бөлім 8-10 сабақтан тұрады. Барлық бөлімнің соңғы екі сабағы нәтиже сабақ пен сол бөлім бойынша өткендерін қайталауға, бекітуге арналған «Менің кітапшам» деген тақырыптан тұрады. Нәтиже сабақ пен кітапшадан тұратын №3 жазу дәптері оқу-әдістемелік кешенінің маңызды әрі жаңа бір бөлігі болып табылатынын ерекше атап өту керек. №3 жазу дәптері оқушының жыл бойғы жұмыстарының, өзіндік жеке жетістіктерінің жиынтығы «портфолионың» басты бір бөлігі бола алады, оқушының білім деңгейінің, жұмыс істеу дағдыларының өсу динамикасының көрнекі үлгісі болып табылады. Осы жазу дәптеріндегі жаңаша берілген тапсырмалар түрі де оқушының білімге, тілді үйренуге қызығушылығын арттыра түседі.

Сондай-ақ оқулықтың маңызды бір бөлігі болып табылатын аудиотаспа мен баспалы-демонстрациялық құралдардың да сабақ барысында мұғалім үшін тиімділігі өте зор болады деп сенеміз..

729
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *