Әлеуметтік желілер үшін құнды контенттің 10 белгісі

Өзекті жаңалық

Адам әрқашан жаңа нәрсеге қызығады. Бірақ жаңа нәрсені ойлап табу оңай емес. Сондықтан кейде жаңа дегеніміз, шын мәнінде жаңашыл идея емес, ұсыну жолы ғана өзгерген ескі идея да болуы мүмкін.

Зұлым және мейірімді полиция қызметкері

Кез-келген ақпаратты жағымды немесе жағымсыз жағынан да ұсынуға болады. Сіз біреуді немесе бір нәрсені бір жағынан мақтасаңыз, екінші жағынан ақырын жамандап, ұрысуға да тырысыңыз. Осылай сіз қарама-қайшы пікірді ұстанатын адамдар назарын өзіңізге аудара аласыз.

Тәсілдің тереңдігі

Тақырыпқа неғұрлым тереңірек бойлаған сайын, сіздің пікіріңіз де соншалықты құнды болады. Фриланс жұмыс туралы айту бір бөлек те, зейнеткерлерге арналған фриланс жұмыс мүмкіндіктерін айту басқаша екенін ұмытпаңыз.

Мысалдардың болуы

НЕ істеу керектігін айтып қана қоймай, оны қалай жасау керектігін де көрсетіңіз. Өз тәжірибеңізден нақты мысал келтіру сіздің кәсіби маман ретінде қалыптасуыңызға және құрметке ие болуыңызға көмектеседі.

Жеке тәжірибенің болуы

Өз тәжірибеңызге сүйене отырып, белгілі бір қорытындыға келу (оң және теріс) аудитория үшін әрқашан құнды болады.

Құпиялылық

Аудиторияға басқа авторлар айтпай қалатын  өзіңіз маманданған тақырыптағы мәліметтерді беріңіз, бұл міндетті түрде бағаланады

Дайын шешімдерді ұсыну

Барлық адам интернет кеңістігінен тез қолдануға болатын кеңестерді іздейді, сондықтан әр түрлі үлгілер мен көрнекі құралдар үлкен сұранысқа ие, сондықтан мұны өз пайдаңызға қолданыңыз.

Форматтарды қиыстыру

Бір жазбада немесе мақалада мазмұнды ұсынудың бірнеше форматын қалай біріктіруге болатынын ойлаңыз: мәтін, сурет, видео, инфографика, кейс-стади және т.б. Олар бір-бірін толықтырып тұрса, тіпті керемет.

Қарсылық тактикасы

Егер сіз қандай да бір «қатал» ережеге қарсылық танытсаңыз және өз тұжырымыңызды жеткілікті түрде дәлелдей алсаңыз, бұл қызықты және пайдалы болады. Оқырман тіпті сізбен келіспесе де, өзіңізге қажет назар аудара аласыз.

Атау мен тақырыптың құндылығы

Оқырман мазмұнды оқудан тікелей пайда алатынына меңзейтін сөздерді қолданыңыз (пайда, құнды, қарапайым, табыс, жинақ және т.б)

«Әлеуметтік желілер: құнды контенттің 10 белгісі» мақаласы  Денис Каплуновтың «Контент-маркетинг және рок-н-ролл» кітабына сүйеніп жазылды.

Дайындаған: Бақытжан Салихов

478
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *