Бүгін сіздерге «Ата-ана сағаты» видеоподкастының бірінші хабарын ұсынамыз. Бұл жоба  Internews Қазақстан өкілдігі MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр.

Бүгін сіздерге «Ата-ана сағаты» видеоподкастының бірінші хабарын ұсынамыз. Бұл жоба  Internews Қазақстан өкілдігі MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр.

Алғашқы тақырыбымыз екпе егуге арналады: «Вакцинация: дұрыс па, бұрыс па?»

Видеоподкасты жүргізушілер Сандуғаш Баймаханқызы және Бақытгүл Орынбасарқызы, қонақтарымыз жапонтанушы, кәсіпкер,  3 баланың анасы Майра Қарсақбайқызы @mairabeisekenova және педиатр, балалар кардиологы Гүлмира Мұратбекқызы Бегалиева @dr.begalieva

Сөз басында вакцина туралы білетіндерімізді бір санамалап шығайық:

*Вакцина бұл — микроорганизмдерден алынып, адам организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препарат.

*1796 жылы ағылшын дәрігері Эдуард Дженнер шешекке қарсы вакцина ойлап тапқан.

*Жұқпалы ауруларға қарсы егудің бірнеше түрі бар: міндетті егу, жоспарлы-кәсіби егу, эпидемиялық көрсеткіш бойынша егу.

Қонақтарымызбен балаларға міндетті вакциналар туралы сөз қозғадық. Подкастты видео және аудио нұсқасын тыңдай аласыздар. Видеонұсқасы ютуб каналымызда жарияланды, ал аудио нұсқасын барлық подкаст платформаларынан тыңдай аласыздар. Барлық ақпаратты жобаның инстаграмм парақшасынан @ata_anasagaty  және осы сайтымыздан біле аласыздар.

Видеоподкастта тыңдайтындарыңыз:

00:49 1796 жылы ағылшын дәрігері Эдуард Дженнер шешекке қарсы вакцина ойлап тапты.

01:10 Қазақстанның Ұлттық күнтізбесінде қандай вакциналар бар?

02:48 Екпеден бас тартудың себебі неде?

04:45 Ақпараттандырудың әлсіздігі де себеп пе?

05:42 Балаларға екпе салдырдыңыз ба? Неліктен ата-аналар бас тартады?

09:52 Мүгедек балалар; аутизм; глютен, казеин зияны

14:58 Идеалды жағдайдағы вакцинаның әсері

16:10 Жеті жасқа дейінгі бала қандай вакциналарды алуы керек?

18:00 Екпе салдырмаудың салдарлары

18:30 Екпе салуды міндеттеу мәселесіне пікірлеріңіз

24:11 Вакцина салудан бас тарту себептері

26:41 Назия Жоямергеннің вакцина салдыру туралы пікірі

31:18 Дәрігер Мендельсонның кітабы «Как вырасти ребенка вопреки врачам»

33:15 Ата-ана жауапкершілігі

34:36 Вакцинаның реакциясы

36:05 Екпенің алдында фенистил беру керек пе?

36:48 Иммунологқа бару шарт па?

41:18 Қызылшамен қандай балалар ауырады?

42:38 Манту

43:23 Екпе салуды қолдайсыз ба?

43:34 Екпе алмай, енді алғысы келетіндерге қандай кеңес бересіз?

47:38 Тұмауға қарсы екпенің әсері

Алғашқы видеоподкастымызды қабыл алыңыздар. Көріңіздер, қолдаңыздар, пікірлеріңізбен бөлісіңіздер.

677
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *