Балалар бөлмесіне арналған гүлдер: 5 ең қауіпсіз өсімдік

Өсімдіктерді балалар бөлмесіне орналастыру өте қажет, өйткені олар шаңды жинап, ауаны тазартады, бөлмені жағымды хош иіспен толтырады және жүйке жүйесін тыныштандырады. Бұл мақалада біз баларға ең қолайлы қауіпсіз 5 бөлме өсмдігі туралы айтамыз.

Лимон ағашы

Лимон ағашы жапырақтарының микробқа қарсы қасиеттері бар және бөлмедегі ауаны тазалап, сергітетін эфир майларын шығарады.  Ағаштың айырықша иісі жоқ, сондықтан бұл ағаштың бөлмеде тұрғанын бала мүлдем сезбеуі де мүмкін.

Гибискус

Бұл өсімдіктің басқа атауы — «қытай раушаны». Ол 2 метр биіктікке дейін жетуі мүмкін, сондықтан оны балалар бөлмесіне тек енді өсіп келе жатқан кезінде қойған дұрыс. Гибискус улы емес, иісі жоқ, бірақ өте әдемі гүлдейді.

Хлорофитум

Бұл өсімдік таза оттегін шығарып, ауаны сорғыш сияқты зиянды заттардан тазартады. Егер кішкентайыңыз байқаусызда оның жапырақтарын білдірмей шайнап немесе жеп қойса, оған ешқандай зиян тимейді.

Шегіргүл (Viola, фиалка)

Бұл гүл балалар бөлмесінде ерекше жайлы жағдай тудырып, айналадағы адамдарды кішкентай, бірақ сүйкімді гүлдері мен нәзік, жұмсақ жапырақтарымен қуантады. Сонымен қатар бұл өсімдік үйдің кішкентай тұрғындарына еш қауіп туғызбайды.

Жалған сауырағаш (Chamaecyparis, Кипарисовик)

Бұл жасыл өсімдік балаларды да, ересектерді де еліктіреді. Жалған сауырағаштың бактерияларға қарсы қасиеті бар, ауаны түрлі ауру таратушы заттардан тазартады, сонымен қатар шаңсорғыш сияқты өзіне шаңды тартып алады. Сондықтан бұл өсімдікті тұрақты түрде су астында “шомылдырып” тұру қажет.

Дайындаған Бақытжан Салихов

619
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *