Бел Кауфман

Бел Кауфман (1911-2014) — әйгілі америкалық жазушы, «Төменге апаратын баспалдақпен жоғары көтерілу» романының авторы, ұстаз, Шолом-Алейхемнің немересі.

Бел 103 жыл өмір сүрді. Ол өмірінің соңына дейін ақыл-ойының тазалығын сақтап, бет-әлпеті керемет боп, сәнді киінді, биік өкшелі туфли мен стилді көзілдіріктерді жақсы көрді, үйден макияжсыз шықпады, аптасына бір рет би студиясына барды және 100 жасында Нью-Йорктегі Хантер колледжінде еврей әзілінен сабақ берді!

Сұхбаттардың бірінде өшпейтін жастық шағының сыры неде деген сауалға жауап берген Бел өзінің атасы Шолом-Алейхемнің: «Өлтірсе де, өмір сүру керек» деген сөздерін қайталап, өз атынан былай деп қосқан екен:

«Басқа адамдарға, өнерге, кітаптарға  қызығушылық білдіріп, бәрін білуге ұмтылу керек. Өзіңіз туралы және жақында ажал келетіні туралы үнемі ойламау керек. Ол қайда апарса да адам әрқашан баспалдақпен тек жоғары көтерілуі керек».

656
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *