Біз қалай өтірік айтамыз

Басы, алдыңғы мақаланы оқыңыз.

Өтірік айтудың үш негізгі жолы бар:

1. Әдейі өтірік айту. Басқаша айтқанда, шындыққа анық қайшы келетін нәрсені тұжырымдау.

2. Шындықпен бірге өтірік айту. Яғни, таза өтірікке аздап ақиқат деректерді қосу.

3. Соңына дейін айтпау. Бұл әдіс ең кең таралған, өйткені бұл жағдайда біз шынымен өтірік айтпайтын сияқтымыз. Өйткені өтірік айту жақсы емес екенін және олай істеуге болмайтынын бәрі — кем дегенде жұрттың көпшілігі — біледі. Сондықтан, кінә сезімін жеңілдету үшін біз: «Мен өтірік айтпаймын — мен жай ғана бәрін толығымен айтпаймын» деп өзімізді сендіре отырып, оқиғаның бір бөлігін өткізіп жібереміз. Негізінде мұндай қылық болған оқиғаның мәнін қатты өзгертіп, тыңдаушының болған жағдайды дұрыс түсінуін бұрмалауы мүмкін.

Сайып келгенде, оны адам қалай айтқанына қарамастан өтірік дегеніміз өтірік. Есіңізде болсын: бәрі өтірік айтады және өте жиі айтады. Сондықтан, міне, сізге бірінші кеңес:

Мұның бәрін өз есебіңізге қабылдамаңыз.

Адамдардың қаншалықты жиі өтірік айтатынын түсіне отырып, сіз олардың өтірігін жанға жақын қабылдауды тоқтатасыз. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, бұл сіздің адамдарды оқи білу қабілетіңіздің маңызды факторы. Бізге өтірік айтылған кезде, біз оны шабуыл немесе манипуляция әрекеті ретінде қарастырамыз. “Маған өтірік айтуға қалай дәтің барды – сен мені ақымақ деп ойлайтын шығарсың?”

Бізге біреудің өтірік айтқанын білген кезде нәпсіміздің жәбірленгенін сеземіз. Мәселе мынада, адам нәпсісі іске кіріскенде, біздің адамдарды оқу және олардың шынайы ниеттерін түсіну қабілетіміз бұлыңғыр болып кетеді. Нәпсі (эго) шындықты көруге кедергі келтіреді, ал адамдарды дұрыс және тиімді оқу үшін оларға теріс пікір мен эмоционалды өршусіз объективті қарауды үйрену керек.

Адамдарды оқу дегеніміз — түпкілікті нәтижеден алшақтап, одан әрі көру арқылы адамның неліктен өтірік айтып жатқанын түсіну.

Тергеуге мәліметтер жинау

Адамдарды оқудағы мақсат – олардан қажетті ақпарат алып, баға беру. Әрине, агент ретінде маған бәрі үнемі өтірік айтатын еді. Бұдан құтылу мүмкін емес. Тіпті  бүгінге дейін – іскерлік ортада, кинода, оқушыларыммен жұмыста өтірікпен кездесіп жүрмін. Мен бұған баяғыда таң қалу мен ашулануды доғарғанмын, өйткені бұл адам табиғатының бір бөлігі екенін түсіндім.

Біреуді объективті бағалауға эмоцияларымның кедергі келтіруіне жол бермей, мен алдымда отырған адам туралы мүмкіндігінше көбірек білуге ​​тырысамын — ол кім, ол үшін не маңызды, ол қандай шешім қабылдайды және оны не ынталандырады. Мен неғұрлым көп білсем, соғұрлым жақсы қаруланамын да білгеніме соғұрлым тиімді жауап бере аламын.

Тағы бір артықшылығы – алынған білім маған жалған қорытындылар мен болжамдардан аулақ болуға көмектеседі. Біреу туралы теріс пікірді қалыптастыру оңай, егер сіз оған тек алдына ала қалыптасқан пікірмен қарасаңыз, оның мінезінің кейбір маңызды, іргелі бөлшектерін көзден жіберіп алу қаупі бар.

Деректер жинау маған кіммен жұмыс істеп жатқанымды және қалыпты қарым-қатынас орнату үшін өзімді қалай ұстау керектігін түсінуге мүмкіндік береді.

Әрбір жаңа семестрдің басында мен студенттерімнен ең алдымен маған өздері туралы жазып, олар менің пәнімді неліктен таңдағанын және курс соңында қандай білім алғысы келетінін сұраймын. Олардан жинаған ақпарат менің оқытуға деген көзқарасыма айтарлықтай әсер етіп, әртүрлі қажеттіліктерді қанағаттандыруға және олардың қызығушылықтары бойынша тақырыптарды таңдауға мүмкіндік береді.

Сонымен, сіз не білгіңіз келеді? Инвестордың ниеті адал ма? Әлде сіздің іскер серіктесіңіз ақша ұрлап жүр ме? Сіздің бастығыңыз өзінің немесе сіздің қамыңызды ойлай ма? Күйеуіңіз алдап жүрген жоқ па? Балаларыңыз шынымен үй тапсырмасын орындай ма? Қалай болғанда да, ең алдымен қажетті ақпаратты жинау керек. Ал мұны істеудің ең жақсы жолы – айналаны бақылау және тыңдау.

Белсенді тыңдаушы болыңыз

Студенттерге жауап алу және сұхбаттасу әдістерін үйрету барысында мен осы үрдістерді дұрыс түсінбеумен жиі кездесемін. Адамдар көп сөйлейтін болса, әңгімені басқара аламын деп ойлайды. Негізінде олай емес! Қайта керісінше.

Неғұрлым көп сөйлесеңіз, соғұрлым аз басқарасыз. Адамдарды оқығанда, ең жақсы көмекші — тыныштық. Және тыңдай білу. Белсенді тыңдаушы болу дегеніміз адамның айтқанын есту үшін барлық сезімдеріңізді пайдалануды білдіреді.

Көзіңді ашып тыңда. Адамды өз бойыңызға енгізіңіз. Оның артынан бақылаңыз.

Одан шығатын күш-қуатты сезініңіз. Сіз оның вербалды қарым-қатынасының қыр-сырын түсіне бастағаннан кейін, оның әрекеттері мен себептерінің мағынасын тереңірек түсінесіз. Есіңізде болсын, егер сіздің жұмысыңыз біреуді дәл оқу болса, сізге сөйлеудің қажеті жоқ; керісінше, адамның еркін сөйлеуіне және бөлісуіне мүмкіндік беру керек. Әңгімелесу кезінде ақпаратты қабылдағанда, ол неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсырақ хабардар боласыз.

Бақытымызға орай, адамдардың көпшілігі өздері туралы сөйлескенді ұнатады — сондықтан оларға кедергі жасамаңыз. Өз нәпсіңізге ереже қойып, әңгіме барысында сіз үстемдік етуіңіз керек деп айтуға жол бермеңіз. Адам сөйлеп жатқанда сөзді бөлмеңіз. Бұл дөрекі ғана емес, сонымен қатар сыйластықтың жоқтығын көрсетеді, ал әңгіме кезінде адамнық ойын бөліп, сізге қажетті ақпаратты жинауға кедергі келтіруі мүмкін.

Тіпті ұзақ, өте толық түсініктеме де сізге көптеген пайдалы ақпарат береді — сондықтан оған өз тарихын басынан аяғына дейін айтып беруге рұқсат етіңіз, содан кейін ғана ойыңызға келген кез келген қосымша сұрақтарды қойыңыз. Адамның айтқаны сіз үшін маңызды болмаса да, ол үшін әңгіме үлкен маңызға ие болуы мүмкін.

Сондықтан, сөйлемнің ортасын бөліп немесе әңгіменің негізгі тақырыбына қайта оралуды сұрамай, өзіңізге келесі сұрақтарды қойып, ойланыңыз: «Ол неге маған өз тарихын осылай айтып жатыр? Неліктен бұл ол үшін маңызды? Ол тым көп сөйлей ме, әлде, керісінше, тым көп егжей-тегжей мәлімет бере ме? Бұл әңгімеде бірдеңе жетіспейді деп ойламайсыз ба? Әңгімеге адамды қызықтыра ма, әлде керісінше ме?»

Айта кетерлік жайт, арам адамның сөзі алдын ала барлық жауаптарды пысықтап шыққандай, әңгімеге дайындалған сияқты; шыншыл адам кенеттен жауап береді….

Өтірікші сөзге түсіп қалмау үшін диалогты барынша азайтуға тырысады, ал шыншыл адам барлық мәліметтерді айтып береді. Сондықтан олардың айтқандарына ғана емес, не туралы үндемейтініне де назар аударыңыз.

Белсенді тыңдау – нақ осы сәтте болуда. Бұл барлық алаңдататын нәрселерден арылып, бар назарыңызды алдыңыздағы адамға аударуды білдіреді. Ол оның сөзі маңызды екенін және қажетінше сөйлей алатынын білсін.

Егер сіз тәжірибелі тергеушіден мұндай кеңесті күтпеген болсаңыз, онда сіз көркем фильмдерді көп көресіз. Фильмдер мен телебағдарламаларда әрдайым зұлым тергеушінің үстелді жұдырығымен ұрып-соғуы және бақытсыз күдіктінің қорқыныштан орындықтың артына тығылып жатқаны көрсетіледі, бірақ он істің тоғызында бұл стратегия сәтсіздікке ұшырайды.

Өмір шындығы мынада: белсенді тыңдау соншалықты әсерлі және қызықты емес, бірақ мен білетін ең пайдалы әдіс дәл осы. Егер сіз адамды оқуға шындап кіріссеңіз, онда бұл ең тиімді әдіс. Оны қолданыңыз.

851
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *