Білімнің жарамдық мерзімі: оқуға үйрететін қағида

Біз бүгін сеніп жүрген нәрселердің көпшілігі бірнеше он жылдан кейін күлкілі мәліметтерге айналуы мүмкін, яғни білімнің жарамдық мерзімі бар: оқуға үйрететін қағида .

Мысалы, 1930-1950 жылдары дәрігерлер темекі шегуге кеңес берген. Темекі тарту пайдалы деп ойлаған адамдар негізінде ақымақ емес еді. Олар сол уақыттың ағымын ұстанған болатын.

Бүгін біз сенетін нәрселердің көпшілігі 50 жылдан кейін қате екені белгілі болады. Төменде келтірілген тұжырымдама сіздің өмір бойы білім алуыңыз үшін ойыңызды ашық ұстауға көмектеседі.

Білімнің жартылай ыдырау кезеңі

Жартылай ыдырау кезеңі — белгілі бір заттың екі есе азаюына кететін уақытты білдіреді. Бұл ұғымды Нобель сыйлығының лауреаты Эрнест Резерфорд радиоактивтілік туралы жұмысында ашты, бірақ оны күнделікті өмірде де қолдануға болады.

Кофеиннің биологиялық жартылай ыдырау кезеңі шамамен 6 сағатты құрайды. Сондықтан таңғы сағат 6-да 200 мг кофеин қосылған бір шыны кофе ішсеңіз, түскі асқа дейін денеңізде бәрібір 100 мг кофеин қалады. Алты сағаттан кейін қанда 50 мг кофеин қалады (сондықтан ғалымдар кешкі астан кейін кофе ішпеуге кеңес береді).

Білімнің жартылай ыдырау кезеңі де осылай жұмыс істейді: ол бір саладағы білімнің жартысының ескіруі немесе жарамсыз болуы үшін қажет уақытты өлшейді.

Білім тұрақты емес. Біздің бүгінгі шындық деп санайтын нәрселердің көпшілігі он жылдың ішінде жойылып кетеді.

«Біз әлі де Windows 95 жүйесін қолданатын адамдарға күлеміз, бірақ өзіміз 1995 жылы қалыптасқан пікірлерді әлі де ұстанып жүрміз». Адам Грант

Көптеген адамдар бұл фактіні ескермейді.

Бір ғасырға жуық уақыт бұрын философ Бертран Рассел: «Бұл дүниенің мәселесі – ақымақтардың өзіне тым сенімді, ал ақылды адамдар күмәнға толы болуында» деп жазды.

Кері дәлелдер алған кезде өз ойыңызды өзгерте алу XXI ғасырдағы ең құнды дағдылардың бірі.

Психолог және зерттеуші Адам Грант қайта ойлауға толық бір кітапты арнаған. Ол кітапты оқып шыққан соң, бір жол жадымда жазылып қалды:

«Оқытудың мақсаты – өз сенімдеріңді дәлелдеуде емес, оларды дамытуда».

Пулитцер сыйлығының иегері Кэтрин Шульц бұл мәлімдемені оқыған болса, онымен келіскен болар еді.

«Being Wrong» кітабында ол былай деп жазады: «Бұл ғылыми төңкерістің шешуші сәті: білімнің ілгерілеуі жаңа идеялар мен ашылған жаңалықтар алдында қолданыста бар теориялардың күйреуіне байланысты. Прогресстің бұл үлгісінде қателіктер бізді шындықтан адастырмайды. Керісінше, олар бізді бірте-бірте оған қарай итермелейді».

Сіздің барлық біліміңіздің жарамдылық мерзімі бар. Бірақ бұл өзгерістерден қорқудың қажеті жоқ — осылайша сіз жаңалықтарға үйренесіз және өркендейсіз.

«Фактілер жай түрде және математикалық түсінікті түрде өзгереді». Сэмюэл Арбесман

Бұл тұжырымдамадан қалай пайда табуға болады?

Б.ғ.д. 470 жж. философ Анаксагор: «Күннің күркіреуіне бұлттардың соқтығысуы себепші болады, ал найзағай – бұлттардың бір-біріне үйкелісінен туады» деген екен.

Айналадағы әлемді түсінуге тырысқан ежелгі философтардың теорияларына күле қарауға болады, бірақ біздің қазіргі сенімдеріміздің қайсысы 50 жылдан кейін ессіз болып көрінетінін кім біледі?

Фактілердің жартылай ыдырау кезеңі бар екенін түсіну сізге көптеген деңгейде көмектеседі:

• Сіз ескірген нанымдарды ұстанбайсыз. Сіз ашық ойды сақтап, әлемді жақсырақ түсінесіз.

• Сіз шындықты асимптота ретінде түсінесіз. Біз ешқашан абсолютті шындыққа жете алмаймыз. Бірақ үнемі сұрақтар қою мен қызығушылық бізді оған жақындатады.

• Сіз өзіңізден “жақын болашақта менің сенімдерімнің қайсысы қате болуы мүмкін?” — деп сұрайсыз. Сіздің дүниетанымыңызға қайшы келетін дәлелдерді табу өмір бойы білім алуға көмектеседі.

Қорытынды

Белгілі бір фактілер, тіпті зерттеулермен расталған болса да, мәңгілік шындық болып қалады деп айтуға болмайды. Көптеген ғылыми зерттеулер қателігі дәлелденгеннен кейін көп уақыт өткен соң да қолданыла береді.

Говард Гарднердің “көпшілік интеллект теориясын” қарастырайық. Оның айтуынша, әр оқушының өзіндік оқу стилі бар: лингвистикалық, музыкалық, кинестетикалық және кеңістік. Теория 1980 жылдары жарияланған, ал 90-шы жылдары қате деп табылған, бірақ Алекс Берд ол «2010 жылдардағы мұғалімдерді даярлау бағдарламаларына енгізілген» деп жазады.

Не оқып жатқаныңызды туралы ойлауды ұмытпаңыз. Өзгеріс – білімдегі жалғыз тұрақты констата.

Барлығын білу мүмкін емес. Сіз өзіңіздің тақырыбыңыз бойынша көптеген мақалаларды оқысаңыз да, жаңа білімді меңгеруге әрең үлгересіз.

Мынаны есте сақтау керек:

• айғақтар мен жаңа дәлелдер алу арқылы өз сенімдеріңізді жаңартыңыз

• кей заттарды білмейтініңізді саналы түрде түсініңіз

• оқуды ешқашан тоқтатпаңыз.

Өйткені оқу – қазіргі заманның ең қымбат дағдысы.

«Білім күш болса, біз білмегенді саналы түрде түсіну – даналық». Адам Грант

475
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *