Өзім техника мен технологияларды жақсы көргендіктен, білім саласында iPad-ты қолдану мәселелері де менің назарымнан тыс қалмайтын сияқты. Айта кетейін iPad күнделікті өмірімізге қажет нәрселердің қатарына кіріп, ақырын болса да өмірімізге еніп жатқаны сөзсіз.

Мен де осы үрдістен қалмай өзіме осы құрылғының соңғы нұсқасын сатып алдым. Сатып алмас бұрын, әрине, жанжақты зерттеулер жүргіздім десем де болады. Түрлі видеоларды көріп, кәсіби мамандардың шолуларын оқып, + / — жақтарын саралап отырып жұмысыма және өзімнің білімімді кеңейтуге пайдалы құрал болады деп шештім. Басында негізі кітап оқитын құрылғы іздеген болатынмын. Сондықтан iPad mini алғым келгені рас. Содан кейін iPad пен iPad mini-ді салыстырып әлек болдым. Бірақ соңында mini емес iPad-ты алғаным дұрыс болғанына көзім жетіп келеді.

Ең бірінші бұл мен үшін құрал: мен оны кітап оқу үшін, аудио тыңдау және түрлі бағдарламаларды қолданып мұғалімнің жұмысын жеңілдету, шапшаңдату, оқушылардың қызығушылығын арттыру т.с.с. үшін алдым.

Сонымен егер сіз мұғалім болсаңыз және оқу үрдісінде iPadты қолданғыңыз келсе, осы сайтта өзіңізге қажет ақпаратты таба аласыз деп сендіргім келеді.

Бір қынжылтатыны iPadты білім алу мақсатында қолдануға байланысты мен ұсынып отырған барлық ақпарат тек ағылшын тілінде. Бірақ сіз бұдан да жақсы жағын көре біліңіз, өйткені ағылшын тілін жетілдірудің бір жолы деп қараңыз.

Сонымен алынды, Apple өнімдерін пайдалануға байланысты еминарға да қатысып үлгердік. Семинар өткізген әріптесіміз Джулиан (Julian Coultas, Apple Authorised Professional Development Trainer) мамандығы бойынша ағылшын тілінің мұғалімі, қазір білім саласында Apple өнімдерін қолдануға байланысты мұғалімдерге арналған семинарлар жүргізеді.

Ол кісі iPadты қолдануға байланысты мына сілтемелермен бөлісті. Сіздерге де пайдасы тиіп қалар.

http://ipadapps4school.com/

http://mrparkinsonict.blogspot.co.uk/2013/06/camouflage-learning-remove-barrier-of.html

http://ipad4schools.org/

http://www.ipadineducation.ianwilson.biz/iPad_in_Education/Welcome.html

http://digitalroadtrip.tumblr.com/

https://vimeo.com/digitalroadtrip

http://8ipads.com/

http://www.digitalcreator.org/dvined/?page_id=2

http://learninginhand.com/

Осыдан кейін келесі жазбаларымда өзім қолданатын нақты бағдарламалардың қалай жұмыс істейтіні туралы да ойларыммен бөлісіп тұратын боламын.

501
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *