ХХІ-ғасыр ғылым мен техникалық прогрестің дамыған заманы. Заман ағымына сай сапалы білім мен саналы тәрбие беру мақсатында Қызылорда қаласында Назарбаев зияткерлік мектебі ашылғаны баршамызға мәлім. Бұл мектепте жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар, ақпараттық технологияларды еркін меңгерген, үш тілде білім алатын жан-жақты сауатты, дарынды оқушылар тәлім алуда. Осындай дарынды оқушыларға тәлім-тәрбие беретін ұстаздар қауымы да өз біліктіліктерін әрдайым арттырып келеді. Осыған мысал ретінде 2013 жылдың 23 қыркүйегінде басталған «Білім саласында жаңа медиа технологияларды қолдану» курсы бойынша семинар-тренингін атап өтуімізге болады.
Бұл семинар-тренинг мұғалімдердің ғылыми әдістемелік жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруда көп көмегін тигізді. Осы семинар-тренингті өткізген тренеріміз Салыхова Бакытгуль ханымға алғыс білдіреміз!

Осы семинарда жасалынған кішкене мультипликациялық фильмді көріп тамашалауыңызға болады. http://goanimate.com/videos/0VK4JVv__-R4

Мақала авторлары: Қараходжаев Б., Тәжі Р., Меңлібаева Т., Абибуллаев Қ., Бейімбетова Г., Саменов Қ.

 

747
Share

От Kuanysh

Один комментарий к “Білім шыңына жетудің алғашқы қадамдары”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *