Кешеден бері М.Әуезовтың  115 жылдығына орай Қазақстанның ашық кітапханасы  жазушының шығармаларын оқуға шақырып жатыр. Мен де осы бастаманы қолдай отырып, сіздерге шағын сынақ жүргізгім келіп отыр.

Төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы Мұхтар Омарханұлының шығармаларына тағы бір көз жүгіртіп шығайық.  Жауаптарыңызды пікір ретінде де қалдырсаңыздар болады. Келіп түскен жауаптар сараланып, нәтижесін осы сайттан оқи аласыздар.

Сәттілік тілеймін!

Қосымша мына жерден де көрулеріңізге болады.

Сұрақтар толық оқылмай тұрса:

1. «Қорғансыздың күні» әңгімесі қалай басталады? Бірінші сөйлемін жазыңыз.

2.«Қараш-қараш оқиғасының» 54 бетіне барыңыз.
«Қалқатайым оқу оқы. Ала қағаздан басыңды алма. Сені бірдемеге жеткізсе сол жеткізеді. Әйтпесе, көремісің, міне, менің не болғанымды? Мен жаман, тентек болдым. Мен істегенді істеме» деген сөздерді кім айтады?

3.«Айман — Шолпан» пьесасын ашыңыз. «Уақиға қатысушылар» тізімінде 7 және 9-шы тұрған кейіпкерлерді жазыңыз.

807
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *