Дэн Валдшмидт

Дэн Валдшмидт –  заманауи америкалық бизнес-тренер, спикер, шетел және бизнес психологиясы бойынша кітаптардың авторы.

Дэннің айтуынша, ол тек жетістікке жету туралы айтып қоймайды, бірақ онымен шын мәнінде әуес. Кішкентай кезінен-ақ оның ата-анасы баласының бойына дұрыс мотивация мен көзқарас болса, кез келген қалаған нәтижеге жетуге болады деген идеяны сіңірген. Дәл осы тактика (қатал тәртіп пен экстермалды мінез-құлық, іс-әрекет) Вальдшмидттің тұлға болып қалыптасуына үлкен әсер етті.

Дэн Вальдшмидт: шығармашылығы

Дэннің әдеби дебюті 2014 жылы «Өзіңнің ең жақсы нұсқаң бол» кітабын шығарған кезде болды. Шығармада автор белгілі тұлғалардың әңгімелері арқылы табыстың нақты және нәтиже беретін жақтарын жан-жақты талдаған. Вальдшмидт ең алғашқы жолдардан-ақ оқырманды «қалаған нәтижеге жетудің әдеттегі жолдары жұмыс істемейді, өйткені олар үнемі назарды адамның өзінен сыртқы факторларға аударады» деп таң қалдырады.

Сыншылар кітаптағы бірқатар маңызды идеяларды атап өтеді:

• сылтаулар мен ақталулар ойлап табу үшін күш-қуатыңызды жұмсамаңыз;

• нәтиже алғанша әрекет етіңіз;

• өзіңізді үйлесімді тұлға етіп тәрбиелеуге ұмтылыңыз.

Кітаптан шағын үзінді. Бұл ой сіздерге де маңызды болар:

«Міне, міне, бар мәселе осында ғой: ауырған, шаршаған және бар күшіңіз сарқылған кезде, көңіл-күйіңіз жоқ кезде маңызды және игілікті істер жасауыңыз керек». «…Қалаған кезіңізде ғана бір нәрсе жасап жетістікке жетемін деп ойласаңыз, қатты қателесесіз.  Бұл ойдан арылыңыз. Табысқа жету жолында сырқат күндер болмайды.» («Өзіңнің ең жақсы нұсқаң бол». Дэн Вальдшмидт)

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

521
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *