Тіл білетін адамдар көп. 2-3 тіл білетін адамдар одан да көп. Ал көп тіл білетін адамдарды полиглот дейміз және олар туралы көптеген зерттеулер жасалып, мақалалар жазылып, тіл үйренгендегі қызықтары мен тіл үйрену жолдары туралы көп айтылады.

Бүгін ең танымал полиглоттар туралы сөйлесейік. Оның ішінде ең танымал  5 полиглот туралы айтайық. Осы ақпаратты қарап отырып Майкл Эрардтың «Полиглот феномені» деген кітабын тауып алдым. Кітапты оқып, өзіңізге қызық мәліметтер табасыз деп сенеміз.

Ал қазір ең танымал бес полиглоты тізіп шығайық:

  1. Ватикан кітапханасының қорғаушысы кардинал Джузеппе Каспар Меццофанти туралы көп айтылады екен. Байронның замандасы 114 тілден аударма жасаған. 60 тілде еркін сөйлеп, 50-ге шақты тілде өлеңдер мен эпиграммалар жазған.
  2. Аудармашы және жазушы Като Ломб 15 тілді меңгерген, оның ішінде — итальян, француз, поляк, қытай, жапон тілдері де бар. Бұл тілдерді ол ересек кезінде, аз уақыт ішінде меңгеріп алған.
  3. Британ журналисті Гарольд Уильямс сексен тілді біледі. Ол он бір жасында грек, латын, иврит, француз және неміс тілдерін жаттап алған екен.
  4. Вилли Мельников Афганистанда әскери борышын өтеп жүргенде жараланады (контузия), осындан кейін оның тіл меңгеруге деген адам сенгісіз қабілеті пайда болады. Ол 93 тілде өлең жазады.
  5. Иштван Даби, венгер аудармашысы және жазушы, 18 жасында 18 тіл білгенімен танымал болды. Тіл үйренуін жалғастыра берген Иштван Даби 103 тіл біледі.

Ал сіз полиглот адамдарды білесіз бе? Пікірге жазыңыз.

19446
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *