Жақсы өмір сүруге кедергі келтіретін 35 әдет
Бәріміз жақсы өмір сүргіміз келеді. Бірақ кейде жастайымыздан қалыптасқан кейбір әдемттеріміз кедергі келтіріп, жақсы өмірден алыстатып жатқанын білмей жатамыз. Біз келтірген тізімді оқып шығып, өзіңізде қай әдет бар екенін тексеріп көріңіз. Сіз бұл әдеттен арылғыңыз келе ме? Әлде жақсы өмір сүруге оның еш кедергісі жоқ деп ойлайсыз ба?
Американ жазышысы, тарихшы және философ Уильям Дюрант былай деген екен: «Біз ылғи жасайтын істеріміздің көрінісіміз». Жақсы да, жаман да әдеттеріміз біздің іс-әрекетіміздің нәтижесін және бүкіл өміріміздің троекториясын анықтайды. Егер адамға оның бүгіні ұнамаса, бар бәле өзі құтыла алмай жүрген мінез-құлқының негатив паттерндерінде жатқан болуы мүмкін.
Ұқсағымыз келетін табысты адамдар жақсы әдеттерді үйреніп, жеңіске жетелейтін тұтас жүйелер құрады. Ал қажет емес әрекеттер (немесе әрекетсіздік) біздің уақытымызды, ресурстарымызды және энергиямызды босқа өқртады.
Қандай әдеттерді өміріңізден алыстатуыңыз керек?
Егер сіз өміріңізді жақсы жаққа бұрғыңыз келсе, төменде келтірілген әдеттерден құтылып, орнына пайдалы және жақсы әдет қалыптастыруға тырысыңыз:
- Күйзеліс пен сарқылуды елемеу.
- Бір күнге жоспар жасамау.
- Процесске емес, нәтижеге көңіл бөлу.
- Қаламаған кезде «Иә» деп айту.
- Ұйқыдан тұрған кезде бірден телефонды қолыңа алу.
- Көп жұмыс істеу, бірақ әдеттегідей нәтиже алу.
- Сізге нашар әсер ететін адамдармен уақыт өткізу.
- Тым көп мақсат қою.
- Өзіңіздің сәтсіздіктеріңіз үшін басқаларды кінәлау.
- Өзіңізді және өміріңізді өзгертуден бас тарту.
- Бұрынғы жетістіктеріңіз не сәтсіздіктеріңізге байланып қалу.
- Ешнәрсе жасамай, жақсы нәтиже күту.
- Табысқа жетудің қысқа және ауыртпалықсыз жолын іздеу.
- Басқа адамдар сіздің өміріңізді өзгертеді деп күту.
- Қажет нәрсені істеудің орнына тәуекелден қашу.
- Сіз әсер ете алмайтын нәрсені басқаруға тырысу.
- Қиындықтарға төзгісі келмегендіктен бәрін сол күйінде қалдыру.
- Әрекеттеріңіз қайда апарады: прогресске немесе сәтсіздікке? Әрекетіңізге анализ жасамау.
- Ешқашан әдеттеріңіз, көзқарастарыңыз бен пікірлеріңізді қайта қарамау.
- Өзіңізге ұнамайтын адамдардың көңілінен шығуға тырысу.
- Ұзақ уақыт спортпен айналыспау.
- Өз дағдыларыңызды дамытпау немесе жаңа нәрселерді үйренбеу.
- Болашаққа дайындалудың орнына, ол туралы уайымдау.
- Қажет емес заттарды сатып алу.
- Бір орнына жылжымау, тығырықтан шығуға тырыспау.
- Жақсы нәтижеге әкелмейтін нәрсеге уақыт жұмсау. Уақытты босқа өткізу.
- Жоғары мақсаттар қойып, жетістікке жетудің орнына, «ауырдың үсті, жеңілдің астымен» жүруге тырысу.
- Өмірдегі маңызды өзгерістерден гөрі тұрақтылықты артық көру.
- Қандай да бір істі кейінге қалдыра беру.
- Қазіргі өмірдің қиындықтарына мойынсұну, берілу.
- Ылғи да бірдей нәрсені жасап, бірақ басқа нәтиже күту.
- Өз әрекеттерінің салдарына жауапкершілік алудан бас тарту.
- Демалыс пен қалпына келуге уақыт бөлмеу.
- Аралық нәтижелерге байланып қалу.
- Ұзақ жұмыс арасында үзіліс жасамау.
Дайындаған Бақытгүл Салыхова