Bilim Land онлайн-ресурсын қолданушы мұғалімдерге арналған «Жаңашыл мұғалім» байқауы

Байқау мақсаттары:

  • Білім беру онлайн-ресурстары туралы ақпаратты кең тарату, білім сапасын жетілдіре түсу, мұғалім тәжірибесін жинақтау және бөлісу;
  • Жалпы білім беру ұйымдары мұғалімдерінің білім беру жүйесінің дамуына қосып жатқан үлесін көпшілікке жария ету.

Байқау міндеттері:

  • мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін жоғарылатуға, кәсіби шеберлігін арттыруға көмектесу;
  • дарынды, шығармашылық ізденіс үстіндегі пән мұғалімдерін анықтау.

Байқауға қатысушылар:

Байқауға Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатыса алады.

Байқау шарттары:

Байқауға қатысу үшін:

  1. Байқау шарттарымен танысыңыз;
  2. BilimLand.kz сайтының ресурстарын қолданып сабақ өткізіңіз;
  3. Байқау жұмысы жаңа материалды түсіндіру немесе бекіту барысындағы сабақ бөлігініңвидеофильмі, немесе презентациясы немесе сабақ жоспарының конспекті түрінде ұсынылуы қажет. Әр қатысушыдан тек қана бір жұмыс қабылданады;
  4. Байқау жұмыстарын және фотоңызбен бірге өзіңіз жайлы ақпаратты (аты-жөні, тұрғылықты жері, жұмыс орны, пәні, жұмыс өтілі, телефоны, электрондық поштасы) BilimLand.kz сайтындағы сілтеме арқылы жіберіңіз.

Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:

  1. Видеофильм форматында (ұзақтығы — 5-7 минут) ұсынылған жұмыста сабақтың тақырыбы, пән атауы, сыныбы және мақсаттары көрсетілуі керек және BilimLand.kz сайтының ресурстары қолданылған жаңа материалды түсіндіру немесе бекіту барысындағы сабақ үлгісі болуы керек;
  2. Презентация форматында ұсынылған жұмыста сабақтың тақырыбы, пән атауы, сыныбы және мақсаттары көрсетілуі керек және BilimLand.kz сайтының ресурстары қолданылған жаңа материалды түсіндіру немесе бекіту барысындағы сабақ үлгісінің толық сипаттамасы болуы керек. Презентация 7-15 слайдтан аспауы керек және видео, симуляторлар немесе онлайн-сабақтармен жүргізілген қосымша жұмыстарды (сұрақтар, жаттығу түрлері, диаграммалармен жұмыс, сызбалар т.с.с.) қамтуы керек;
  3. Сабақ жоспарының конспекті форматында ұсынылған жұмыста сабақтың тақырыбы, пән атауы, сыныбы және мақсаттары көрсетілуі керек және BilimLand.kz сайтының ресурстары қолданылған жаңа материалды түсіндіру немесе бекіту барысындағы сабақ үлгісінің толық сипаттамасы болуы керек;
  4. Қосымша сұрақтарыңыз бойынша мына телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз:8 (727) 291 71 83.

Байқауды өткізу мерзімі және жеңімпаздарды анықтау:

Байқауда 2015 жылдың 10 наурызы мен 10 сәуірі аралығында жіберілген жұмыстар қарастырылады. (10 сәуір — байқау жұмыстарын қабылдаудың соңғы күні).

Байқау нәтижелері:

Байқау нәтижесін шығару жұмыстарын қазылар алқасы 2015 жылдың 13 cәуірінен бастап 19 сәуіріне дейін жүргізеді. Байқау қорытындысы ТОО «Bilim Media Group»http://www.bilimmedia.kz сайтында және BilimLand.kz порталында жарияланады.

Марапаттау:

Байқаудың барлық қатысушыларына Bilim Media Group компаниясынан алғыс хат беріледі.

Байқау жеңімпаздары Bilim Media Group компаниясынан дипломдар мен ресурстарға жазылу мүмкіндігімен марапатталады.

Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері:

  • Байқау жұмыстарын рәсімдеуге қатысты талаптарға сәйкестігі;
  • Идея бірегейлігі;
  • Онлайн-ресурстарды қолдану мүмкіндігін шығармашылық тұрғыда ұсыну;
  • Жаңа материалды түсіндіру немесе бекіту барысында ұсынылатын әдіс-тәсілдердің оңтайлылығы, тиімділігі және әртүрлілігі;
  • Көркемдік және техникалық тұрғыдағы жұмыс сапасының жоғары болуы;
  • Оқыту барысында және оқушылар білімінің нәтижесіне әсер ету тұрғысынан онлайн-ресурстарды қолданудың негізділігі және әртүрлілігі.

Жоба координаторлары:

Салыхова Бақытгүл Орынбасарқызы bakytgul.s@bilimmail.kz

Сарсенова Татьяна Альбертовна tatyana.s@bilimmail.kz

852
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *