Жаңа сөз: jetlag
Бүгіннен бастап ағылшын тілін үйренушілерге немесе тілді ары қарай жетілдіріп жатқандарға арнап бір сөзден ұсынып отырайын.
Бүгінгі күннің жаңа сөзі : jetlag
Google сөздігі бұл сөздің аудармасы — «ағзадағы ритмнің бұзылуы» деп береді. Cонымен бірге бұл сөзді «биоритм», «сағаттық белдеудің ауысуы» деп те аударуға болады.
Мысалы, I may not be hungry, because of jetlag. Ағзамдағы ритмнің бұзылуына байланысты, қарным ашып тұрмаған сияқты.
Енді осы сөздің ағылшын тіліндегі түсіндірмесіне назар аударайық:
Jet lag, medically referred to as desynchronosis and rarely circadian dysrhythmia, is a physiological condition which results from alterations to the body’s circadian rhythms resulting from rapid long-distance transmeridian (east–west or west–east) travel on high-speed aircraft.
03.06.2014
Алматы