Зеріккенде не істеуге болады?

Бос уақытты пайдалы өткізудің жиырма жолы

«Зеріккенде не істеуге болады?» деген сұрақтың жауабын білесіз бе? Іш пысу, ерігу, зерігу адам өмірінде болып тұрады, бірақ уақытыңызды дұрыс жоспарлап, мақсаттарыңыз анық болса, зерігуге уақыт та қалмауы мүмкін. Бірақ дегенмен анда-санда ішіңіз пысып, не істейтініңізді білмей жатсаңыз, мына кеңестерге құлақ асыңыз:

  1. Сүйікті көркем фильміңізді немесе телехикаяңызды көріңіз.
  2. Өз қолыңызбен сабын жасауды үйреніңіз.
  3. Өзіңіз үшін таныс емес жаңа музыка түрлерін ашыңыз.
  4. Билеуді үйреніңіз.
  5. Тілектер тақтасын құрастырыңыз.
  6. Жаңа әлеуметтік желілерде парақша ашыңыз, мысалы pinterest.com сайтында.
  7. Үйіңізде өзіңізге спа-салон ұйымдастырыңыз.
  8. Кейін оқимын деп қалдырған кітапты оқып шығыңыз.
  9. Киетін киімдеріңізді реттеңіз, сұрыптаңыз.
  10. Үйіңізді басынан аяғына дейін жинаңыз, тазалаңыз.
  11. Таныстарыңызға сыйлық ретінде сурет салыңыз, тастарды бояңыз
  12. Ғаламторда тапқан рецепт бойынша тағам дайындаңыз.
  13. Таңғы жүгірумен айналысыңыз.
  14. Сүйікті әншіңіздің концерттерін тамашалаңыз.
  15. Ноутбук пен телефоныңызды қажетсіз бағдарламалар мен суреттерден, хабарламалардан тазалаңыз.
  16. Жақын арадағы мақсаттардың тізімін жасаңыз.
  17. Саябақта қыдырыңыз.
  18. Алақаныңызбен сурет салыңыз.
  19. Әртүрлі лайфхактар мен сабақтарды іс жүзінде тексеріп көріңіз.
  20. Белгілі бір онлайн курсын толығымен тыңдап шығыңыз.
2111
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *