Зімбір қосылған шай
Зімбір қосылған шай дайындау үшін сіздерге келесі ингредиенттер қажет:
- Зімбір (көлемі екі сарымсақ түйірінің үлкендігіндей)
- жарты литр су
- 2 ас қасық қант немесе бал
- аздап қара бұрыш
- 3 тілім лимон
Дайындалу жолы:
Аршылған зімбірді үккіштен өткізіңіз, үстіне қайнаған су құйыңыз. Қант / бал қосып араластырыңыз. Бұрыш пен лимон да қосып, шамамен 5-10 минут қайнатыңыз. Ыстықтай да салқындатып та ішуге болады.
Зімбір қосылған шай тұмаудың алдын алу үшін де жақсы көмектеседі.
Зімбір қосылған шай ішіңіз. Ешқашан ауырмаңыздар!
Зімбір туралы танымды ақпарат
Негізі зімбірдің отаны Оңтүстік-Шығыс Азия, зімбір 5 мың жылдан астам уақыттан бері белгілі. Қазіргі таңда зімбір Индия, Қытай, Аустралия және басқа да елдерде өсіріледі.
Зімбірдің құрамында пайдалы дәрумендер, минералдар және эфир майы бар.
Зімбірді тамақтан улану, жүрек айну және құсу кезінде көмекші ретінде қолднады. Құрамындағы магнийдің көптігіне байланысты зімбір ағзаны шлактардан тазалайды, жүйке жүйесінің жағдайын жақсартады.
Зімбір қанды сұйылтып және тамырлардағы қан айналымын жақсартады. Қанның ұйып қалу қаупін азайтады. Суық тигенде зімбір мұрынның бітелуін азайтып және С, В дәрумендерінің көптігіне байланысты ағзадағы иммунитетті арттырады.
Сонымен қатар, зімбір мигрень, артрит және бұлшықет ауырсынуын жеңілдетеді.
Енді зімбір туралы шағын видеоға назар аударыңыздар:
Дайындаған https://aspazdik.wordpress.com/