Кітаппен жазалау

Украина соты ұрлық жасаған екі адамға ерекше үкім шығарды: олар Марк Твен, Джек Лондон және Тарас Шевченконың шығармаларын оқуы тиіс.

Сот оларды «даму деңгейі бала жасындағыдай» деп, қоғамға қауіп төндірмейтінін айтты.

Одессадағы Малинов соты екі ер адамды автокөлік магнитолаларын ұрлағаны үшін кінәлі деп таныды, бірақ оларды үш жылдық түрмеден босату туралы шешім қабылдады. Оның орнына, оларға бір жылдық сынақ мерзімі тағайындалды, сынақ мерзімінде олар учаскеде үнемі тіркеліп тұруы керек. Бұл мәлімдеме Украина сот шешімдері жинақталған бірыңғай реестр сайтында жарияланды.

2021 жылдың басында 19 және 23 жастағы екі ер адам автотұрақтағы көліктерден радиомагнитолаларды ұрлаған. Олар ұрлаған заттарын рюкзактарына салып, бірақ күзетшілерді байқаған кезде бәрін тастап, қашып кеткен. Олар ұрланған заттарын алып кетуге қайта оралғанда ұсталады. Екеуі де өз кінәсін мойындайды.

Сот сынақ мерзімінен басқа, қылмыскерлерге міндеттеді түрде «Том Сойердің бастан кешкендері» романын және Марк Твеннің «Гекльберри Финннің шытырман оқиғалары» романын, Джек Лондонның «Ақ азу» романын және Тарас Шевченконың «Күндер өтеді, түндер өтеді…» өлеңін оқуға үкім етеді.  Қаулыға сәйкес, жазаның жеңілдетілуіне олардың тергеуге белсенді көмектескені мен ұрылардың даму деңгейі әсер етті.

Әдебиет бойынша білімдерін сұрағанда, айыптаулушылар ештеңе оқымадық деп жауап берді. Сот «бұл адамдар жасы бойынша емес, даму деңгейі бойынша бала сияқты, олардың ішкі әлемі шектеулі, сезімдері нәзік, қамкөңіл» деп шешті.

“Ф.М.Достоевскийдің пікірінше, кітап оқуды тоқтату ойлауды тоқтату дегенді білдіретіндіктен, айыпталушыға сот белгілеген шығармаларды оқу қоғамға зиянды әрекеттер жасамай, ойлауға, дүниені тануға ынталандырады.

Сот анықтаған және балалар әдебиетіне жататын шығармалар (5-сыныптың шетел әдебиеті сабақтары) баланың бойында өзіне де, қоршаған әлемге де барлық мейірімді және шынайы сезімдерді қалыптастыруға арналған” (сот шешімінен үзінді).

Қыркүйек айының басында Ұлыбританияда 21 жастағы жігітке де классикалық әдебиетті оқуға үкім шығарылды. Ол лаңкестік әрекетке дайындалу үшін ақпаратты сақтағаны үшін кінәлі деп танылды, бірақ сот бұл жай ғана «жасөспірімнің ақымақтығы» деп шешті. Сот оны он екі жылға шартты түрде соттап, Джейн Остин мен Чарльз Диккенс шығармаларын оқуды міндеттеді.

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

533
Share

От bilimpaz

2 комментария для “Кітаппен жазалау”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *