Болашақта күнделікті өмірімізді қалыптастыратын 5 технология

Күнделікті өмірімізді қалыптастыратын технология үздіксіз дамиды және барған сайын жылдам болып бара жатыр. Сондықтан бұрын алдағы ғасырларда да қол жетімсіз болып көрінген концепциялардың бүгінде ғалымдардың күшімен күнделікті өмірге еніп жатқаны ғажап емес. Оның үстіне, көп ұзамай ғылыми-фантастикалық кітаптардан оқығанымыз немесе фильмдерден көрген заттар адамзат өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы мүмкін. Болашақта күнделікті өмірімізді қалыптастыратын 5 технология не екенін білгілеріңіз келе ме?

Алдарыңызда болашақта күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналатын 5 технологияның тізімі.

1. Автопилотпен басқарылатын автомобиль

Әділдік үшін, адамдар емес, компьютерлер басқаратын, өздігінен жүретін көліктің бар екеніне бірнеше жылдан аса уақыт өткенін атап өтейік. Дегенмен бұл технология әлі де кең таралмай отыр. Сонда да бұл жағдай өнертапқыштарға мұндай жобалармен белсенді жұмыс істеуге кедергі келтірмейді, өйткені өздігінен жүретін көліктердің көптеген артықшылықтары бар: жол-көлік оқиғаларының саны азаяды, жолдарды босату, мегаполистердегі кептелістер мәселесін шешу, жол қауіпсіздігін арттыру. Сонымен қатар  бұл автомобильдердің дизайнына әсер етеді: оларды ықшам және сәйкесінше үнемді, жылдамырақ және маневрлі етіп жасауға болады.

2. Толықтырылған шынайылық технологиясы

Толықтырылған шынайылық технологиясы бүгінде айтарлықтай белсенді дамып келеді. Сонымен қатар біз оның кейбір артықшылықтарын қазірдің өзінде пайдаланып жатырмыз: мысалы, өз смартфондарымыздан қажетті ақпаратты іздеген кезде. Болашақта ғалымдар дәл осындай функциялар телефондардан көзілдіріктерге, одан кейін көздің торлы қабығына беріледі деп болжайды. Рас, өнертапқыштардың алдында бір ортақ мәселе бар –  «технологияны қолдану кезінде ақпараттың шамадан тыс жүктелуінің салдарын қалай азайтуға болады?» деген сауал. Бірақ бұл мамандарға шынайылықты одан да қолжетімді және түсінікті етуге көмектесетін жүйені жақсартуға тырысуына кедергі келтірмейді.

3. Виртуалды шынайылық технологиясы

Жоғарыда аталған технологияға ұқсас – виртуалды шынайылық – бізге қоршаған ортаны қабылдау шекарамызды кеңейтуге және оны бір күні теледидар немесе смартфон сияқты қарапайым нәрсеге айналдыруға арналған. Виртуалды шынайылық адамға сүйікті фильмнің кейіпкеріне айналуға немесе гаджет экраны арқылы өте алыстағы адаммен сөйлесуге, бірақ өзін оның жанында отырғандай сезінуге мүмкіндік береді. Әрине, бүгінгі күні бұл технологиялардың деңгейі бастапқы кезеңде тұр деп айтуға болады, бірақ бұл виртуалды шынайылық адамзат нақты әлем мен цифрлық әлемді ажырата алмайтындай деңгейге көтеріле алмайды дегенді білдірмейді.

4. Ген модификациясы

Ген инженериясы әлі күнге дейін оны адамзатқа тыйым салынған және зиянды зат деп санайтын көптеген адамдардың үрейін туғызады. Дегенмен, егер дұрыс қолданылса, ол адамзат құтқарушысына айналуы мүмкін, өйткені генетикалық модификациялар туа біткен ауытқулармен немесе тұқым қуалауға бейімділігі бар аурулармен күресудің тамаша тәсілі болып саналады. Сонымен қатар, ген инженериясы миллиондаған адамдар бір ғасырдан астам уақыт бойы армандаған қартаюды бәсеңдету немесе толығымен тоқтату мәселесінің шешімі бола алады.

5. Ғарышқа саяхат және басқа планеталарды отарлау  

Біздің болашағымызды ғарышқа саяхатсыз елестету мүмкін емес. Көпшілігіміз Жердің табиғи байлықтары бірте-бірте сарқылып жатқанын жақсы түсінеміз. Бұл адамзат бір орында тұрмай, алға ұмтылуы керек деген сөз. Ғарышты бағындырудың келесі қадамы адамдар болашақта өмір сүре алатын басқа планеталарды отарлау болуы керек. Әрине, бұл тізімде бірінші болып Марс планетасы тұр. Соңғы он жылдан астам уақыт бойы күн жүйесінің объектілері белсенді түрде зерттелуде, оларға баратын жолдар да жоспарлануда.

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

1210
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *