Көз шырымын алу немесе бір шыны кофе – қайсысы жақсырақ?

Бір шыны кофе сізді сергек етуі мүмкін, бірақ Калифорния университеті (Сан-Диего) жүргізген кішігірім зерттеу физикалық және психикалық өнімділікті жақсарту үшін түстен кейінгі ұйқы жақсы жұмыс істейтінін көрсетеді.

Ғалымдар таңертеңгі уақытты 61 адамға компьютер пернетақтасын белгілі бір ретпен басу, компьютер экранындағы пішіндерді ажырату және белгілі бір сөздер тізімін жаттау сияқты моторлық (қозғалу), перцептивтік (қабылдау) және вербальды тапсырмаларды үйретумен өткізді. Содан кейін олар жаттығушыларды кездейсоқ түрде үш топқа бөлді. Бірінші топ түскі 1-ден 3-ке дейін ұйықтады. Екінші топ түскі сағат 3-те 200 миллиграммдық кофеин таблеткасын қабылдады, ал үшінші топқа плацебо берілді (плацебо – дәріге ұқсас, бірақ ешқандай әсері жоқ зат). Осыдан соң жаттығушылар бұрын үйретілген тапсырмаларды қайталауы керек болды. Олардың нәтижелерін кімнің қай топта болғанын білмейтін зерттеушілер бағалады.

Кофеин ішкен топтың қимылдау нәтижелері плацебо қабылдаған немесе ұйықтағандарға қарағанда нашар болды. Қабылдау, ұғыну тапсырмасында ұйықтағандар кофеин немесе плацебо тобына қарағанда айтарлықтай жақсы жұмыс жасады. Вербальды тестте ұйықтағандар үлкен айырмашылықпен алға шықты, ал кофеин тұтынушылар плацебо қабылдағандардан жақсы емес болды. Орташа өнімділікке қарамастан, кофеин қабылдаушылар басқаларға қарағанда сергек екендігін  хабарлады.

Зерттеушілердің қорытындысы: бір шыны кофе ішудің орнына түстен кейін ұйықтап алу пайдалырақ!

668
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *