Авторы: Илья Свиргун 

Қазақ тіліне аударған: Айлин Жакашева

Лаврентийдің арманы 

Өте алыс жерде, өте күшті гравитациясы бар параллель шындықта, Лаврентий деген бір бала өмір сүрді.

Лаврентий терезе алдында отырып, жылдам жауған қарды бақылап отыр.

— Кешкі ас суып қалатын болды, — деп шақырды анасы.

— Келе жатырмын, — деп жауап берді бала.

Лаврентий мүлде тамақ ішкісі  келмеді. Кешкі аста ол  аспанға секіріп оған жетуді армандады.

Жиырма жыл өткен соң.

Лаврентий мектепті әлдеқашан бітіріп, инженер мамандығы бойынша білім алып, қазір машина шығаратын компанияда жұмыс істейді. Жұмысында ол қозғалтқыштарды құрастырады. Бір күні Лаврентий қозғалтқышқа кезекті поршеньді орнатып жатып, бала кезіндегі арманын есіне түсірді. Сол кезде оған бір ой келді: егер поршеньді тоқтатпай, кері қайтқызбаса ол ұшып кетуі мүмкін, тіпті жоғарыға көтерілуі де ғажап емес. Мүмкін, адамды да көтеріп жіберетін шығар? Лаврентий ұзақ уақыт бойы адамды аспанға қалай ұшыруға болатыны туралы ойлады. Ақырында ол ғарышқа ұшуға шешім қабылдады.

Келесі күні демалыс күні болатын. Лаврентий шеберханасына барып, бірнеше сызба сызды да, жұмысқа кірісті. Ол өзінің ұшу аппаратының мини-моделін жасауы керек. Оның аппараты мылтық сияқты, бірақ оқтың орнына кабина орнатылған. Лаврентий қауіпсіз қашықтыққа барып, батырманы басып жіберді. Кабина ұшып кетті, бірақ бір секундтан соң жерге құлап, шелпектей мыжылып қалды.  

«Жылдамдық жетіспейді және парашют қосу керек», — деп ойлады Лаврентий.  

Ол шеберханасында кешке дейін жұмыс істеп, кейін ұйықтауға кетті.  

Келесі күні таңертең бәрі дайын болды. Лаврентий тағы да алыс тұрып, қызыл батырманы басып жіберді. 

Кабина ұшып кетті, бірақ небәрі бес секунд ұшып, баяу төмен түсті.  

«Әлі де жылдамдық керек», — деп ойлады Лаврентий. 

Ол отын мөлшерін көбейтті. Бір сәтте құбыр жарылды! Ал кабина бүйірге ұшып кетті.  

«Қабырғаларын мықтырақ жасау керек», — деп ойлады Лаврентий және құбырды ауыстырды.

Бұл жолы кабина ауада он секундтай қалқыды…  

Келесі күні ол жұмысқа барды. Онда Лаврентий,  әдеттегідей, қозғалтқыштарды жинап жүр.  

— Басшы сізді кабинетіне шақырды, — деді жұмысшылардың бірі.  

Лаврентий бастығына кетті. Ол ғимараттың ең жоғарғы қабатына көтеріліп, есікті сықырлатып ашты.  

— Кіріңіз, — деді басшы.  

— Сәлеметсіз бе, — деді Лаврентий ішке еніп жатып.  

— Сізді жоғарылаттық, — деді басшы.  

— Мені ме? — деп сұрады Лаврентий.  

Ол өз құлағына өзі сене алмады. Бірақ шын мәнінде, оны шынымен жоғарылатыпты. Жалақысын да! Оның бұрынғы жалақысы небәрі жүз елу мың Ъ болатын, бұл тек тамаққа жетіп, тек бес мың Ъ ғана қалатын, оларды жинайтын. Ал қазір оның жалақысы — үш жүз мың Ъ!  

Ол ақшасының көп бөлігін жинап жүретін. Бірақ жобасына деген ақшаны тек бір жылдан кейін ғана жинай алды: оның қолында бір миллион сегіз жүз елу төрт мың Ъ болды.  

Ракета құрастыру компаниясын ашуы керек. Ал компания үшін логотип пен атау қажет. Лаврентий үстелге отырып, бірнеше нұсқаны сызды. Біріншісі онша шықпады, екіншісі де, ал үшіншісі Лаврентийге ұнады. Ол оны таңдады. Енді атауын ойластыруы керек.

— Uaatoalemasina. Жоқ — Itseenonth. Мүмкін, Trikeоs? Жоқ, болмайды. Тіпті де, Itseenonth жақсырақ.

Лаврентий атауы мен логотипті алып, құжаттарды тапсыру үшін арнайы ғимаратқа кетті. Сықырлатып есікті ашып, ішке кірді. Биік үстелдің артында сақалды қарт адам отыр. Лаврентий жақындап келіп, амандасып, қарттың қарсы алдындағы орындыққа отырды.

— Сіз компания ашқыңыз келе ме? — деп сұрады қарт.

— Иә, — деп жауап берді Лаврентий.

— Компания не істейтін болады?

— Ғарышты зерттейді.

— Жерден бе? — деп сұрады қарт.

— Жоқ, — деп жауап берді Лаврентий.

Қарт қатты таңғалды: әлі ешкім де жерден басқа жерден ғарышты зерттемеген еді.

— Жарайды, қалауыңыз білсін, — деді қарт. — Компанияның атауы қандай?

Лаврентий оған компанияның логотипі мен атауы жазылған қағазды ұсынды. Қарт құжат алып келетінін айтып, бір жаққа кетті. Бес минуттан кейін ол қайта оралды, қапшық толы  құжат көтеріп қайтып келді.

— Сізден бес мың Ъ.

Қарт ақшаны алып, оған қапшықты ұстатты.

Лаврентий ракета құрастыратын адамдар қажет деп хабарландыру ілді. Бірнеше аптадан кейін оған бірнеше адам қосылды. Лаврентий ангарды жалға алып, жұмыс басталды. Уақыт өте келе Айға ұшқысы келетін адамдар қосыла бастады.

Ракета күннен күнге үлкейіп жатты. Ақырында ол дайын болды! Алғашқы іске қосудың  уақыты келді.

Алғашқы ұшыруға адам қатыспады, себебі бұл өте қауіпті еді. Орындыққа датчиктер мен құм салынған сөмке орналастырылды,осындай жүктеме кезінде адам аман қалатын-қалмайтынын тексеру үшін. Ұшыру 2101 жылдың 18 сәуірінде өтті. Бұл ракетаға ұқсамайтын, жер астынан ұшып шыққан кабина сияқты еді. Ұшырылым алаңының жанында көп адам жиналды. 

Санақ басталды: бес, төрт, үш, екі, бір, баста!

Отын жағылды, бірақ ол тым күшті болды. Түтік жарылып кетті және кабина сынған бөліктерге толды. Ештеңе шықпады. Бұдан кейін адамдар компаниядан кетіп жатты, ал Лаврентий тағы бір әрекет жасауға шешім қабылдады.

Жаңа ракета енді түтіктен ұшырылмайды, отын ракетасы ішіне орналастырылады. Жаңа ракета жасауға алғашқысынан да көп уақыт кетті — екі есе көп. Бұл жолы инженерлер мен Лаврентий бәрін бірнеше рет есептеп шықты. Ракетаның ішіне қайтадан датчиктер мен сөмке салды. Ракета өте ұзын болды, әрі бірнеше сатысы жасалды. Бұл ойды инженерлердің бірі ұсынды.

Бұл жолы ракета кешке қарай ұшырылды. Қар жауып тұрды, сондықтан алаңды сумен суарудың қажеті болмады. Қайтадан кері санау басталды: бес, төрт, үш, екі, бір, іске қос! Жер дірілдеп, ракета ауаға көтерілді! Ол жоғары қарай ұшты, бірақ кенет сыртқы қаптамасы жарылып, үлкен жылдамдықпен ұгып бара жатқан ракета үш бөлікке бөлінді. Ол атмосферада жанып кетті. Жерден бұл көрініс астероид ұшып өткен сияқты көрінді…

Жұмыстан тағы да көп адам кетті: олар ештеңе шықпайды деп ойлады. Лаврентий де іс жүзінде берілуге таяп қалған болатын. Ол тағы да жауып жатқан қарды бақылап терезе алдында отыр. Лаврентий бала кезінде ғарышқа ұшқысы келгенін және гравитацияның қаншалықты күшті әсер еткенін есіне алды. Лаврентий соңғы бір әрекетті жасауға шешім қабылдады. Ол ракета жасауды жалғастырды, тек бұл жолы оның қаптамасы мықтырақ жасалады және ішінде адам болады. Ол артық жүктемелерді есептеп, центрифуга жасады. 

Ракетаны онымен ұшырудың қажеті болмас үшін дәл сондай датчиктер қойылды. Ол центрифуганы іске қосты, сол арқылы ракетадағы жүктеме мүмкіндігінше бірдей, ал датчиктер адамға ешқандай қауіп жоқ екенін көрсетті. Бұл жолы бәрі алдыңғы екі кезеңнен де көп жұмыс істеді, бірақ адам аз қалды. Соңғы рет ұшу бір күннен кейін, 30-нан 31-не қараған күні болады. Лаврентий өзі ұшатын болып шешті.

Ракета алаңда тұр. Түн ортасын. Лаврентий баспалдақпен көтеріліп, ішке кірді, кері есептеу басталды: бес, төрт, үш, екі, бір, іске қос! Ракета қатты дірілдеп, ұшып кетті! Лаврентий ауырлық күшінің әсерінен есінен танып қалды. Оянғанда, ол жерден әлдеқайда жоғары көтерілген еді, гравитация оған әсер етпеді. Ол ерекше жеңілдік сезінді. Қабырғаға сүйеніп, иллюминаторға жақындады, одан Айды көріп тұр.  

«Қандай керемет», — деп ойлады Лаврентий. Камерасын шығарып, бірнеше сурет түсірді.  

Оның арманы орындалды, нақтырақ айтсақ, оны өзі жүзеге асырды.

Авторы: Илья Свиргун “Мечта Лаврентия”

Әңгіменің түпнұсқасы:https://daktilmag.kz/63/children/ilya-svirgun/mechta-lavrentiya/1230

Орыс тілінен қазақ тіліне аударған: Жакашева Айлин,SDU университетінің педогогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің 3-курс студенті.

58
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *